Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Сауат ашу пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар (1-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Өзім туралы. Сәлем саған, мектебім! Сөйлеу.

Оқу мақсаттары

  • 1.2

    Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

  • 1.3

    Тыңдалған материалды мазмұндау.

  • 1.1.1.1

    Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату; тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы

Сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды.

Көбі

Анық сөйлеу арқылы тақырыпты талқылайды.

Кейбірі

Анық әрі толық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
  • Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мектеп школа school

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір-бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Өлеңді түрлі эмоциямен айту

Көңілді, көңілсіз, ашулы.

Бірінші күн — дүйсенбі

Екінші күн — сейсенбі

Үшінші күн — сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн — сенбі

Жетінші күн — жексенбі

Сабақ мақсаттарымен таныстыру

Оқушыларға сабақтың мақсаттары түсіндіріледі.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру

  • Суреттен не көріп тұрғаныңды айт.
  • Бүгін қандай күн?
  • Бұл күн сенің өміріңе қандай өзгерістер әкеледі деп ойлайсың?

Сергіту сәті

Бәрі оянады — Күн, күн, күн.

Бәрі ұйықтайды — Түн, түн, түн.

Сызбамен жұмыс

Оқушыларға сызба түсіндіріледі және талқыланады.