Балаларға құстар туралы түсінік беру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Топ
Айгөлек
Білім беру саласы
Шығармашылық
Бөлімі
Тіл дамыту
Тақырыбы: Құстар
Мақсаты
- Балаларға құстар туралы түсінік беру.
- Үй құстары мен дала (жабайы) құстарын ажырата білуге үйрету.
- Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Билингвалық компонент
- Құс
- птичка
- Тұмсығы
- клюв
- Құйрығы
- хвост
- Қанаты
- крылья
Қосымша дағды: дәлелдеп сөйлеу, талаптану.
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі
Әңгімелесу және сұрақтар
Сұрақ: Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді?
Құстардың түрі өте көп. Жабайы құстар табиғатта өз бетінше тіршілік етеді, ал үй құстары адамның күтімімен өсіріледі.
Құстардың ортақ белгілері
- Қанаты, мамығы (қауырыны) және тұмсығы болады.
- Ұшады, бір жерден екінші жерге қонып жүреді.
- Жұмыртқалайды, балапан басады.
Айырмашылықтары
Құстар бір-біріне ұқсамайды: дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбысы және тіршілік ету ортасы әртүрлі.
Құстардың пайдасы
- Ағаштар мен өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады.
- Еті, жүні, мамығы және жұмыртқасы адам қажетіне жарайды.
Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмалары
Қасқырдың тапсырмасы
Үй құстарын ата.
Қоянның тапсырмасы
Дала (жабайы) құстарын ата.
Аюдың тапсырмасы
Жұмбақтарды шеш.
Түлкінің тапсырмасы
Құстардың суретін боя.
Жұмбақтар
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
Шабақ іліп жүреді,
Айдын судың түлегі.
Бұл құсты кім біледі?
Бізге ұя жасап береді.
Көкте ұшып жүреді,
Өзі сондай қарқылдақ.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қане, қанат жасайық.
Торғайға ұқсап ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
Ойындар
Дидактикалық ойын
«Құстардың суретін бояу» (Түлкінің тапсырмасы).
Қимылды ойын
«Ұшты-ұшты».
Қорытынды
Балалар құстардың түрлерін танып, үй құстары мен дала құстарын ажыратуды үйренеді және құстарға қамқорлық жасаудың маңызын түсінеді.