Дәптер және әліппе сөздерін жіктеу

Сабақтың тақырыбы

Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • Ә дыбысы мен әрпін таныстыру, сауатты жазуға және дыбыстық талдау жасауға үйрету.
  • Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
  • Әсемдікке, достыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
  • Оқу, жазу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту; сөздік қорын, сөйлеу мәнерін байыту.

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Плакат
  • Суреттер
  • Буындар
  • Текшелер

Сабақтың барысы

1-сынып • Ашық сабақ

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Армысың, шапағатты Күн-ана!

Армысың, қайырымды Көк-ана!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастаймыз!

Ынталандыру

Бүгін сабағымызға қонақтар келді. Қонақтар риза болуы үшін бар білімімізді ортаға салайық.

Балалар, саяхатқа шыққыларың келе ме? Саяхат барысында біз жолбарыстардың тапсырмаларын орындаймыз.

1-жолбарыстың тапсырмасы

Өткенді пысықтау.

  • Қандай дыбыспен таныстық?
  • І дыбысынан басталатын сөздер айт.
  • Дыбыс нешеге бөлінеді?
  • Дыбысты не істейміз? Ал әріпті ше?
  • Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Дауыссыз дыбыстарды ше?
  • Мақалды жатқа айт.

2-жолбарыстың тапсырмасы

Жаңа сабақ.

Жұмбақ

Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай.

Бұл не?

Жауабы: Әтеш

Әріпті таныстыру

Таныстырар әріппен мынау кітап — әліппе.

«Әліппе» деген аты оның басталған қай әріптен?

Жауабы: Ә — «Әтеш», «әліппе» сөздері Ә дыбысынан басталады.

Ә дыбысы және әрпі

  • Ә дыбысын дұрыс айтып көрейік: ә.
  • Ә дыбысы — дауысты дыбыс.
  • Ә әрпінің баспа және жазба түрлерімен танысамыз.
  • Қызыл және көк текшелер арқылы «әткеншек», «әліппе», «әтеш» сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз.

Сергіту сәті

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді, көңілді,

Би билейміз ырғақты, ырғақты,

Біз бастаймыз оқуды, оқуды.

Мақсаты

Қимыл-қозғалыс арқылы назарды сергіту, сабаққа қайта шоғырлану.

Оқулықпен жұмыс

Бағандағы сөздер

Ә-же

буынға бөлу

Ә-сем

буынға бөлу

Сән-ді

буынға бөлу

Ән

оқу

Ән-ші

буынға бөлу

Ә-ке

буынға бөлу

Ә-де-мі

буынға бөлу

Дәм-ді

буынға бөлу

Сән

оқу

Ә-теш

буынға бөлу

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мұғалім оқып береді.

Сұрақ: мәтін кім туралы?

Оқушылар мәтінді кезекпен оқиды.

Жіктеу

Менің дәптерім, әліппем
Сенің дәптерің, әліппең
Оның дәптері, әліппесі

Сергіту сәті (жазуға дайындық)

Қалам алып қолыма,

Ә дыбысын жазамын,

«5» деген баға аламын,

Үйге қуанып барамын.

Жазу жұмысы

  • Ә дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеміз.
  • Ә әрпін ауада жазып көреміз, кейін тақтаға жазамыз.
  • Дәптерде әріпті дұрыс көлбеумен, таза әрі ұқыпты жазамыз.
  • Мұғалім оқушылардың жазба жұмысын бақылап, бағыт-бағдар береді.

3-жолбарыстың тапсырмасы

Ойын: «Шатасқан буындар».

АУ
НА
ДӘП
ПА
ШУ
ЛА
ША
ТЕР
ҚА
СА
ТА
АР

Тапсырма

Буындарды дұрыс құрастырып, сөздерді шығарыңдар.

Қорытынды

Не үйрендік, не білдік?

  • Ә дыбысы мен әрпін таныдық.
  • Сөздерді буынға бөліп оқуды және дыбыстық талдау жасауды қайталадық.
  • Ә дыбысынан басталатын мақал-мәтелдер айттық.

Мақал-мәтелдер

Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.

Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

Жылы аяқтау

Мен және сен

Міне қолым, міне жүрегім,

Жақсы көрем сыныптасым менің!

Үй тапсырмасы

«Әліппе» өлеңін жаттау.

Бағалау және мадақтау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, сыйлықтар беріледі.