Аустралия климаты
7–8-сыныпқа арналған аралас сабақ жоспары
Бұл сабақ 7-сыныпта — Аустралияның жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдерін; 8-сыныпта — климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне әсерін қарастыруға бағытталған.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Оқыту формасы
Ұжымдық және жеке-дара оқыту
Негізгі бағыт
Картамен жұмыс, талдау, бекіту тапсырмалары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Аустралия материгінің климаты, өзен-көлдері және климаттың шаруашылыққа әсері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың географиялық білімін толықтыру.
Тәрбиелік
Географиялық білім арқылы имандылыққа, адамгершілікке және елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Дүниетанымды кеңейту, танымдық қабілетті жетілдіру, қызығушылық пен белсенділікті арттыру, картамен жұмыс іскерлігін дамыту.
Сабақтың құрылымы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Назарын сабаққа аудару.
- Оқу құралдарын және сабаққа қатысуды тексеру.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Интернеттен өз бетінше жинаған қосымша мәліметтерді талқылау.
- Белсенді оқушыларды бағалау парағына белгілеу.
-
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Негізгі ұғымдарды дәптерге қысқаша конспект ретінде түсіру (есте сақтау стратегиясы).
-
IV. Бекіту
Сәйкестендіру тапсырмасы және тест жұмысы арқылы қорытындылау.
Сөздік жұмысы (географиялық терминдер)
Сабақ барысында кездесетін кейбір терминдерді түсіндіріп, мәтінмен жұмыс кезінде қолдану.
- Бойра
- Құрма жапырағынан тоқылған жабу.
- Эфиоптар
- Еуропалықтар мен негроид тектестерден тараған нәсілдік топ.
- Малагасийлер
- Негроид және монғолоид тектестердің араласуынан шыққан нәсілдік топ.
7-сынып: Аустралия климаты, өзендері мен көлдері
Жоспар
- Аустралияның климаты.
- Жаздағы ауа райы.
- Қыстағы ауа райы.
- Өзендері мен көлдері туралы түсінік.
Негізгі деректер
- Ауданы: 7,7 млн км²
- Халық саны: 19,2 млн
- Мемлекеттік тілі: ағылшын
- Астанасы: Канберра
Географиялық орны
- Жартышар: оңтүстік
- Шығысында: Тынық мұхиты
- Батысында: Үнді мұхиты
- Белдеулер: тропиктік және субтропиктік
Климаттық ерекшеліктер
- Қыс айлары: маусым, шілде, тамыз.
- Шілдедегі орташа температура: +12…+20°C.
- Қаңтардағы орташа температура: +20…+30°C.
Халқы және қоныстануы
Аустралия халқының саны шамамен 19 млн. Негізгі байырғы халқы — аборигендер (шамамен 228 мың). Халықтың басым бөлігі материк пен аралдардың шығыс жағалауында шоғырланған.
Қысқаша мәдени-танымдық мәлімет
Табиғаты және демалыс
Аустралияның жабайы табиғаты мен жағажайлары демалуға және спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді: күнге қыздырыну, шомылу, саяхаттау, кей аймақтарда тау шаңғысы.
Асханасы және мерекелер
Елдің асханасында теңіз өнімдері мен түрлі жемістер кең таралған; кей жерде экзотикалық тағамдар да кездеседі. Мерекелерден: 1 қаңтар — Жаңа жыл, 26 қаңтар — ұлттық мереке күні, 14 маусым — Королева күні, 25–28 желтоқсан — Рождество.
8-сынып: Климаттың адам өмірі мен шаруашылыққа әсері
Ауыл шаруашылығына ықпалы
Климаттың ауыл шаруашылығына әсері ерекше: кейбір дақылдарға жылу, кейбіріне ылғал, енді біріне жарық көбірек қажет. Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлеріндегі климат жағдайлары егіншілікке қолайлы, ал оңтүстікте суармалы егіншілік дамыған.
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
Климат жағдайлары әрдайым қолайлы бола бермейді. Қолайсыз, тіпті зиянды құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ және шаңды дауыл жатады.
Қуаңшылық және аңызақ
Қазақстан климатының жалпы құрғақтығы айқын байқалады. Оңтүстікте жаз өте ыстық: құм беті 60–70°C-қа дейін қызуы мүмкін. Құрғақ, ыстық жел — аңызақ — күшті қызған және тропиктік ауа массалары басым кезде пайда болады.
- Дала зонасында: жылына 5–10 күн.
- Шөлейт зонасында: шамамен 40 күн.
- Қызылқұмда: 100 күнге дейін.
Соңғы 20 жылда қуаңшылық 4 рет тіркелген. Оған қарсы күресте қар тоқтату, орман белдеулерін отырғызу, суару және басқа агротехникалық шаралар қолданылады.
Шаңды дауыл
Жылдың жылы мезгілінде байқалатын құбылыстардың бірі — шаңды дауыл. Ол жел жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Құрғақ ауа райында борпылдақ топырақты алқапта қатты жел соққанда, топырақ бөлшектері ұшып, өсімдік тамырлары ашылып, ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіреді.
Көктайғақ
Көктайғақ көбіне аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктем мен күзде жер беті 0°C-қа дейін суып, мөлдір, көгілдір, жұқа (шамамен 5 мм) мұз қабаты пайда болады. Бұл құбылыс мал шаруашылығына және адамдарға қауіпті, көлік апаттарын көбейтеді, байланыс пен электр желілерінде үзілістер туғызуы мүмкін.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары
1) “Сәйкестендір” жедел тапсырмасы
Берілген сөздердің ішінен Аустралия материгіне қатысты сөздерді теріп жазыңыз:
Аустралияға тиісті
- Эйр
- Кенгуру
- Үлкен Артезиян
- Муррей
- Сидней
- Тынық мұхиты
Аустралияға тиісті емес
- Сеул
- Пингвин
- Ниагара
- Анкара
- Атлант мұхиты
- Банан
2) “Кім жылдам?” тест тапсырмалары
-
1. Ең кіші материк:
- А) Антарктида
- Ә) Аустралия
- Б) Африка
-
2. “Чили” қай материкте орналасқан?
- А) Оңтүстік Америка
- Ә) Солтүстік Америка
- Б) Африка
-
3. Аустралиядағы ірі өзен:
- А) Муррей
- Ә) Дарлинг
- Б) Куперс-Крик
-
4. Аустралияның мемлекеттік тілі:
- А) Үнді
- Ә) Ағылшын
- Б) Француз
-
5. Аустралияның астанасы:
- А) Канберра
- Ә) Сидней
- Б) Мельбурн