1930 жылдардағы аштық, шаруалар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сыныбы
9-сынып, Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы
1930 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілістері (презентациямен)
Сабақтың түрі
Ашық сабақ
Сабақтың мақсаты
Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығын түсіндіру; Созақ, Жетісу, Маңғыстау аймақтарындағы көтерілістердің барысымен таныстыру; ашаршылық жылдарындағы қасіретті шындықты оқушыларға нақты деректер арқылы ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер
Интерактивті тақтамен жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру, картамен жұмыс
Көрнекіліктер
Карта, слайд-суреттер, хронологиялық кесте, ашаршылық туралы деректі фильм, тапсырмалар мен кестелер

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру бөлімі

  2. II. Үй тапсырмасын тексеру

  3. III. Жаңа сабақ

  4. IV. Тапсырмалармен жұмыс

  5. V. Жаңа сабақты бекіту

  6. VI. Қорытындылау

  7. VII. Оқушыларды бағалау

  8. VIII. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасын тексеру: тест сұрақтары

Нұсқау: сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беріңіз.

  1. 1) Ф. И. Голощекин қай жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды?

    1925–1933 жж.

  2. 2) 1927 жылы қабылданған қаулы нені жариялады?

    Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.

  3. 3) Жеделдетілген ұжымдастыру науқаны қай жылдары жүргізілді?

    1929–1930 жж.

  4. 4) Қазақстандағы ұжымдастырудың қазақ халқы үшін орасан зор трагедияға айналғанын жазған ағылшын тарихшысы кім?

    Роберт Конквест.

  5. 5) 1928 жылы қанша млн пұт астық дайындалды?

    300 млн пұт.

  6. 6) Ұжымдастыруға қарсы шыққан ұлт зиялылары кімдер?

    С. Меңдешев, С. Қожанов, Х. Досмұхамедов.

  7. 7) Жер үлестерін біріктіру және бірігіп еңбек етуге негізделген ауыл шаруашылық кооперациясы қалай аталды?

    ТОЗ.

  8. 8) ТОЗ-дарды ұжымдастыру қай жылдары күшейді?

    1932–1934 жж.

  9. 9) «Геноцид» сөзінің мағынасы қандай?

    Ұлттық немесе діни белгілеріне қарай жою.

  10. 10) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшы өмір салтына көшіру жөнінде нұсқау қай жылы берілді?

    1931 ж.

Жаңа тақырып: 1930 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілістері

Жаңа сабақтың жоспары

  • 1931–1933 жылдардағы аштық
  • Жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалардың қарсылығы
  • Созақ көтерілісі
  • Жетісудағы көтерілістер
  • Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер
  • Маңғыстаудағы көтерілістер

1931–1933 жж.: «Ұлы жұт» атанған ашаршылық

1931–1933 жылдар Қазақстан тарихында жаппай ашаршылықпен сипатталып, халық жадында «Ұлы жұт» ретінде сақталды.

  • 1929–1930 жылдардың қысында жұт болды.
  • Суықтан және індеттерден шамамен 2,1 млн қазақ және 200–250 мыңға жуық өзге ұлт өкілдері қаза тапты.
  • Шамамен 1,7 млн адам Қытайға, Моңғолияға, Иранға және Ауғанстанға көшті.

Қарсылықтың негізгі түрлері

  • Ұжымшар белсенділеріне, партия, кеңес, комсомол қызметкерлеріне және сот орындаушыларына қарсы күш қолдану.
  • Өзін-өзі қорғауға бағытталған қарулы жасақтар құру.
  • Ашық көтеріліске шығу.
  • Басқа аймақтарға, тіпті шетелге үдере көшу.

Көтерілісшілердің талаптары

Әлеуметтік-экономикалық талаптар

  • Орташалардан заңсыз тәркіленген малды қайтару.
  • Тәркілеуге тыйым салатын декрет жариялау және оны сөзсіз орындау.
  • Салық мөлшерін мал санына қарай белгілеу.

Қоғамдық-саяси және діни талаптар

  • Ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету, мешіттерді қайтару, дін істеріне мемлекеттің араласпауы.
  • Ауылдағы тап күресін жасанды түрде шиеленістіруді тоқтату.
  • Ауыл ішіндегі маңызды мәселелерді өкілетті өкілдер емес, жалпы жиналыс шешуі.

Нәтижесі және салдары

Ұжымдастыру жылдары республика аумағында 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды.

  • Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Түрікменстан мен Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран мен Ауғанстанға көшуге мәжбүр болды.
  • Жасанды жолмен құрылған ұжымшарлар таратылып, халыққа күштеп қоғамдастырылған мал-мүлкі қайтарылды.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Оқиғалар

  1. 1) «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулы
  2. 2) Сырдария округі, Бостандық ауданындағы көтеріліс
  3. 3) Қостанай округіндегі көтеріліс
  4. 4) Созақ ауданындағы көтеріліс
  5. 5) Жетісудағы көтеріліс
  6. 6) Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер

Есімдер

  • С. Шолақов
  • Е. Жанбаев, Қ. Қалиев, Ғ. Сатырбаев
  • Тәліп Мұсабаев
  • Ф. И. Голощекин
  • А. Бекежанов, С. Қадиев, А. Смағұлов
  • А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин

Жаңа сабақты бекіту: хронология

Қашан?

Қандай оқиға болды?

1931–1933 жж.

Қазақстандағы ашаршылық

1928 ж.

«Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулы

1929 ж.

Қостанай, Бостандық, Сырдария округтеріндегі көтерілістер

1930 ж.

Созақ, Жетісу, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда округтеріндегі көтерілістер

1931 ж.

Маңғыстаудағы көтеріліс

Тарихи жады және тағзым

«Бұл — біріншіден, ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буынның тағзымы. Екіншіден, келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруі үшін қажет тағзым».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1931–1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш монументтің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен. 31 мамыр 2012 жыл, Астана.

Үй тапсырмасы

  • §21–22: 1930 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілістері.
  • «Ашаршылық» тақырыбы бойынша реферат жазу.

Мұғалім туралы мәлімет

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі: Байболатов Ербол