Смакатпен кедергілерден өту
Тақырыптар
- «Шынықсаң шымыр боласың» (эстафеталық жарыс)
- Спорттық қимыл-қозғалыс ойындары
Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың»
Мақсаты
Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысу барысында түрлі денешынықтыру жаттығуларын орындау әдістерін меңгерту және оларды қолдана білуге үйрету. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
Көрнекіліктер
- Үнтаспа
- Самокат
- Кедергілер
- Сылдырмақ
Әдістемелік тәсілдер
Балаларды екі топқа бөліп, жарыс ұйымдастыру; тапсырмаларды түсіндіру; қимыл-қозғалыстарды орындату; мадақтау және жігерлендіру.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Сәлеметсіздер ме, балабақша ұжымы! Қош келдіңіздер!
Бүгінгі жарысқа қатысушы топтарды қошеметпен ортаға шақырамыз.
Жалпы дамыту жаттығулары
Балалар музыка әуенімен кіріп, сап түзеп бірінің артынан бірі жүреді. Аяқ ұшымен жай жүгіріп, кейін екі қатарға тұрады.
- 1 Бастапқы қалып: аяқ алшақ. Оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Бастапқы қалыпқа қайта келу.
- 2 Бастапқы қалып: аяқ арасы ашық, қол белде. Оңға 2 рет бұрылу, солға 2 рет бұрылу.
- 3 Қол мен аяқты кезек-кезек сілкілеу.
Әділқазылар алқасы
Эстафеталық жарысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Эстафетаны бастау
Бойымызды қыздырып, ширап алдық. Енді эстафеталық жарысымызды бастаймыз.
Екі топ өздерін таныстырады.
«Қыран» тобы
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат — ұмтылған.
«Көгершін» тобы
Бейбітшілік — әніміз,
Бауырласпыз — бәріміз.
Жүргізуші: Ал, қане, бір-бірімізді қолдайық! Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
Эстафеталық ойындар
1) «Кім жылдам?»
Екі қол желкеде. Кедергілердің арасымен жүгіріп барып, кері қарай отырып жүріп, кедергілерден өтіп келу.
2) «Кенгуру»
Секіретін доппен белгіленген қашықтықты секіріп өту.
3) Самокатпен кедергіден өту
Самокатпен жүріп, кедергілерден ретімен өту.
4) «Баспаққа мініп-түсу»
Баспаққа мініп, белгіленген нүктеге дейін барып, қайта түсіп келу.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Нүктелер»
Ойын шарты
Әр топтың алдында бір парақ ақ қағаз жатады. 1-ден 9-ға дейін санағанша, қай топ көп нүкте салса — сол топ жеңіске жетеді.
Тыныс алу жаттығулары
Балалар шеңбер бойымен жүріп, дем алу және дем шығару жаттығуларын орындайды.
Қорытынды
Жүргізуші: Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.