Параллельді өткел

Сабақ жоспары Жаяу туризм Техника және тактика

Параллельді өткел: құру тәсілдері және арқан тарту ережелері

Сабақ түрі

Аралас сабақ (теория + практика).

Оқыту әдістері

Сөздік, көрнекілік, практикалық жұмыс.

Пәнаралық байланыс

  • Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы
  • Туристік-спорттық дайындық
  • Дене тәрбиесі

Сабақ мақсаттары

Білімділік

Теориялық білімді практикада қолдануды үйрету, туристік қызметке қызығушылықты арттыру, жорық барысында кездесетін табиғи кедергілерден өту үшін өткел дайындап, қауіпсіз өту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Туристік дағдыларды қалыптастыру, туристік-спорттық даярлықты нығайту, икемділік пен үйлесімді қимылды дамыту.

Тәрбиелік

Салауатты өмір салтына баулу, қажетті жағдайда жедел әрі дербес шешім қабылдауға, жауапкершілік пен төзімділікке тәрбиелеу.

Техникалық және материалдық жабдықталуы

Құжаттар мен ұйымдастыру

  • АКТ
  • Топшамалар

Жеке қорғаныс және снаряжение

  • Туристік сақтандыру системасы
  • Карабиндер, дюльфер, пруссик
  • Негізгі және көмекші арқандар
  • Каска

I. Ұйымдастыру бөлімі

  1. 1Оқушылармен амандасу.
  2. 2Қатыспай қалған оқушыларды белгілеу.
  3. 3Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.

II. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа шоғырландыру: өткен сабақты қайталау (слайд/қысқа сұрақ-жауап).

Қайталау сұрақтары

  1. Аспалы өткелде ағашқа ең алдымен негізгі арқан қандай байлау арқылы бекітіледі?
  2. Аспалы өткелден бірінші өтетін қатысушы қалай сақтандырылады?
  3. Бірінші қатысушы арғы жағалауға өткен соң қандай жұмыстарды атқарады?
  4. Жұмар дегеніміз не?
  5. Дюльфер дегеніміз не?
  6. Бірінші қатысушы топтық сақтандыру арқанын арғы жағалауға қалай жібереді?
  7. Бірінші қатысушы жеке сақтандыруды қалай орындайды?
  8. Соңғы қатысушы қандай жұмыстарды атқарады?

Сабақтың мақсатын нақтылау

Жорық кезінде параллельді өткелді негізгі және көмекші арқандарды пайдаланып құруды, қатысушылардың жеке және топтық сақтандыруды сақтай отырып өткелден өтуін, сондай-ақ арқанды жинау әдіс-тәсілдерін үйрету.

Жаңа тақырып: негізгі ұғымдар

Өткел қай кезде қажет?

Өткелдер негізгі және көмекші арқандар арқылы ұйымдастырылады. Әдетте батпақты аймақтан өту немесе өзеннен қауіпсіз өту кезінде дайындалады. Өткел орнын дұрыс таңдау — қауіпсіздіктің негізгі шарты.

Параллельді өткел жұмыс аяқталғаннан кейін өздігінен (қосымша өрмелеусіз) оңай жиналатындай етіп құрылады.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Туристік сақтандыру системасы
  • Карабиндер (бекіту құралдары)
  • Пруссик
  • Туристік арқандар: негізгі және көмекші

Қолданылатын байлаулар

Сегіздік
Маркировкалау
Түзу байлау
Қабыстыра байлау
Жылан байлауы
Бақылау байлауы
Өрмелі байлау

Параллельді өткелден өту кезеңдері

Операция құрылымы 5 кезеңнен тұрады. Төмендегі кесте әр кезеңдегі жағалау мен негізгі жұмыстарды жинақтайды.

Кезең Жағалау Орындалатын жұмыстар
1 I кезең А жағалауы Дайындық; 1-қатысушының аспалы өткел арқылы өтуі; үстіңгі арқанды бекіту.
2 II кезең Б жағалауы Негізгі арқанды (және көмекші арқанды) бекіту.
3 III кезең А жағалауы Негізгі арқанды пруссик арқылы кере тарту; екінші пруссикті босату; сегіздік байлауымен бекіту (өткел дайын).
4 IV кезең А ↔ Б Қатысушылардың параллельді өткел арқылы қауіпсіз өтуі.
5 V кезең А ↔ Б Соңғы қатысушының дайындығы; өтуі; өткелді жинау және арқандарды реттеу.

I кезең (А жағалауы): ұйымдастыруға дайындық

  1. Сақтандыру системасын дұрыс кию.
  2. Өткел ұйымдастырылатын орынның қауіпсіздігін тексеру.
  3. Негізгі арқанды сегіздік байлауымен дайындап, карабин арқылы бекіту; арқанның бір ұшын 1-қатысушыға қосу.
  4. Топтық сақтандыруды ұйымдастыру.
  5. 1-қатысушының аспалы өткел арқылы Б жағалауына өтуі.

II кезең (Б жағалауы): арқандарды бекіту

  1. Сақтандыру арқанын ағашқа (терекке) айналдыра орап, карабин арқылы бекіту.
  2. Төменгі арқанға тірене отырып көтеріліп, негізгі арқанды ағашқа жылан немесе өрмелі байлаумен бекіту.

III кезең (А жағалауы): негізгі арқанды кере тарту

  1. Негізгі арқанға ағашты айналдыра, қарама-қарсы бағытта пруссик салу.
  2. Арқанды күшке сала отырып кере тарту және өткелге жарамдылығын тексеру.
  3. Өзін-өзі ағытуға мүмкіндік беру үшін екінші пруссикті босатып шешіп алу.
  4. Арқанның бос бөлігін ағашқа айналдырып, сақтандыру үшін сегіздік байлауын салып, карабинмен бекіту.

IV кезең (өту): қалған қатысушылардың әрекеті

  1. Қалған қатысушылардың параллель тартылған арқандар арқылы өтуі.
  2. Жеке сақтандыруды репшнурдағы карабин арқылы орындап, карабинді жоғарғы негізгі арқанға бекіту.
  3. Қолды карабиннің екі жағына, аяқты төменгі арқанға сенімді орналастырып, сырғи жылжи отырып, топтық сақтандырумен келесі жағалауға өту.

V кезең: соңғы қатысушының өтуі және өткелді жинау

  1. Негізгі жоғарғы арқанның өздігінен ағытылуы үшін көмекші арқанның соңын екі карабинді біріктіре отырып бекітіп дайындау.
  2. Топтық сақтандыруды тасымалдама арқан арқылы ұйымдастыру.
  3. Соңғы қатысушының параллельді өткел арқылы өтуі.
  4. Жылан немесе өрмелі байлауды ағытып, көмекші арқанды күшке сала тарту.
  5. Өткелді толық жинау.
  6. Арқандарды маркировкалау (реттеу және орау).

Жаңа сабақты бекіту (бақылау сұрақтары)

  1. Параллельді өткел дайындауға қандай құралдар қажет?
  2. Өткел дайындауда пруссик қандай мақсатта қолданылады?
  3. Өткелден өту операциясында 1-қатысушы қалай өтеді?
  4. 1-қатысушы Б жағалауына өткен соң қандай байлауларды орындайды?
  5. Екінші және қалған қатысушылар өткелден қалай өтеді?
  6. Негізгі арқанға бекітілген екінші пруссикті не себепті шешіп алу қажет?
  7. Соңғы қатысушы өткелден өтер алдында өткелдің жиналуы үшін қандай дайындық жасайды?
  8. Пруссик негізгі арқанға қандай тәсілмен бекітіледі?
  9. Екінші пруссик шешілгеннен кейін не себепті негізгі арқанның өзінде сегіздік байлауы орындалады?

Қауіпсіздік ережелері

Қауіпсіздік — техниканың ажырамас бөлігі. Әр қатысушы сақтандырудың мәнін түсініп, бақылау тәртібін қатаң сақтауы тиіс.

Талқылау сұрақтары

  1. Сақтандыру системасын дұрыс кимеу қандай қауіп төндіреді?
  2. Жеке сақтандыру дегеніміз не?
  3. Топтық сақтандыру дегеніміз не?
  4. Бақылау аймағы дегеніміз не?
  5. Топты сақтандырушы қандай міндетті ережелерді орындауы керек?
  6. Бақылау байлауы қандай мақсатта орындалады?

Оқушымен кері байланыс

Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарыңыз бар? Егер барлық сұрақтарға жауап алсаңыздар, келесі бөлім — тәжірибелік жұмысқа көшеміз.

Еске салу

Өткелге шығу және өту кезінде карабиндердің жабық екенін, байлаулардың бақылау түйіндері бар екенін және сақтандырудың үздіксіз орындалып тұрғанын міндетті түрде тексеріңіз.

III. Ағымдағы нұсқау (тәжірибелік бөлім)

Оқушылар шебер көрсеткен практикалық әрекеттерді топтарға бөлініп орындайды. 1-қатысушының және соңғы қатысушының міндеттері әр оқушыға жеке орындатылып, дағды бекітіледі.

Жұмысты ұйымдастыру

  • Оқушыларды топтарға бөлу.
  • Қауіпсіздік талаптарын қысқаша қайталау.
  • Тапсырмаларды бөлу.
  • Әр кезең бойынша орындау тәсілін көрсету.
  • Өз бетінше орындау.
  • Әр оқушыны жекелей қадағалау.

Бақылау парағы (шебер үшін)

  1. Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылғанын тексеру.
  2. Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау.
  3. Технологиялық процестің кезең-кезеңімен орындалуын бақылау.
  4. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.
  5. Оқушылардың өзіндік және өзара бақылауын бақылау.

Практикалық нәтиже

Оқушылар параллельді өткелді өз бетімен құрып, қауіпсіз өтіп, кейін оны жинау және арқандарды маркировкалау тәсілін көрсетеді.

IV. Қорытынды нұсқау

Сабақты қорытындылау

  1. Жақсы орындаған оқушылардың жұмысын атап өту.
  2. Қателіктерді талдап, олардың пайда болу себептерін түсіндіру.
  3. Оқушылардың бағаларын хабарлау.
  4. Жұмыс орнын және құрал-жабдықтарды жинастыру.

Автор туралы белгі

Технологиялық колледж, «Туризм» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері — Хатимуллина Бибина Тұрарбековна.

Бұл жоспар параллельді өткелді құру мен өту техникасын жүйелі түрде үйретуге, сондай-ақ сақтандыру мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.