Сан есімнің сұрақтарын жаз
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдиева Жұлдызай Қалдыбайқызы
Пән / сынып
Қазақ тілі, 2-сынып
Сабақтың тақырыбы
Сан есім
Сабақ түрі / типі
Аралас сабақ. Жаңа білімді меңгерту.
Мақсат, міндеттер және күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға сан есім туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері
- 1 Мақсат қоя білетін және оған жете алатын оқушыны тәрбиелеу; әр оқушының білім деңгейін, мүмкіндігін және іскерлігін танып-білуіне жағдай жасау.
- 2 Тақырып бойынша ауызекі сөйлеу тілін дамыту; жазбаша жұмыс арқылы сауаттылықты арттыру; сөздік қорды байытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- 3 Түрлі тапсырмалар арқылы есте сақтау, ойлау және қабылдау қабілеттерін дамыту; оқушының өз еркімен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар сан есім туралы мағлұмат алып, сөйлем талдауда оны ажырата алады.
Мақсат қоя алатын, адамгершілік және рухани құндылықтарды қадірлейтін тұлға қалыптасады.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
- Сынып тазалығына назар аудару.
Психологиялық дайындық (2 минут)
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Топқа бөлу (1 минут)
Оқушыларды ретімен санау арқылы топқа бөлу.
- Топ ережелерін бекіту.
- Топ мүшелерін тағайындау.
Үй жұмысын тексеру (5 минут)
4-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі сан есімдерді табу.
Әлемнің жеті кереметінің бірі — Мысырдағы пирамида.
Ит жеті қазынаның бірі болып саналады.
Ғарышқа екі қазақ ғарышкері ұшты.
Бір минутта алпыс секунд бар.
Он бес пен он бес-тің қосындысы отыз болады.
Домбыраның екі ішегі, жеті пернесі бар.
Еліміз тоғызыншы мамырда Жеңіс күнін тойлайды.
Үй жұмысын қорытындылау: семантикалық карта (5 минут)
Сөздерді сөз таптарына бөліп орналастыру: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
| № | Сөз | Сөз табы |
|---|---|---|
| 1 | Бесінші | Сан есім |
| 2 | Дәптер | Зат есім |
| 3 | Қызыл | Сын есім |
| 4 | Келді | Етістік |
| 5 | Он | Сан есім |
Жаңа сабақ
Мюнстерберг әдісі (1 минут)
Әдіс арқылы жаңа тақырыпты ашу, негізгі ұғымдарды анықтау.
«Балық қаңқасы» әдісі (2 минут)
Сан есім туралы түсінікті себеп–дәлел–қорытынды құрылымымен жинақтау.
Тірек-сызбалар арқылы түсіндіру (5 минут)
Шаталовтың тірек-сызбалар технологиясы бойынша негізгі ережелерді жүйелеу.
1-жаттығу
- 1 Сан есімнің сұрақтарын жаз.
- 2 Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді жаз.
- 3 Мың, алпыс, бір, екі, алты сөздеріне -ыншы/-інші, -ншы/-нші жұрнақтарын жалғап жаз. Оларға сұрақ қой.
Тірек сызбаларды қысқаша мазмұндау (2 минут)
Плакаттағы тірек-сызбалар арқылы түсіндіру жүргізіледі.
Тірек сигналдарын ілу (30 секунд)
Тірек сигналдары бар плакаттар тақтаға ілінеді.
Дәптермен жұмыс (3 минут)
Көркем жазу
Б — Бала
«Артығын ал» әдісі (5 минут)
Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.
«Басбармақ» әдісі (30 секунд)
Топтар бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды.
Топтық жұмыс (2 минут)
3-жаттығу: жұмбақ
Жұмбақты оқып, шешуін тап:
Қырық қабат жейде,
Осыны да жейді ел.
Жауабы: қырыққабат.
Ескерту
Толық нұсқасын жүктеу.