Кім үшке дайын
Сабақ туралы мәлімет
- Өңір
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
- Мектеп
- А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп
- Мұғалім
- Прназаров Дауиржан Аманғалиевич
- Пән
- Технология
- Сынып
- 5-сынып
- Сабақ тақырыбы
- Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
- Сабақ түрі
- Дәстүрлі
- Сабақ типі
- Аралас
- Әдісі
- Түсіндірме–практикалық
- Стратегиялық тәсілдер
- Интерактивті әдістер, СТО әдістері
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Ағаш, желім
- Ара және басқа да құралдар
Құрал-жабдықтар
- Ара
- Бұрандалы қысқыш
- Егеу
- Сүргі
- Т.б.
Әдебиет
«Технология» оқулығы, 5-сынып.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сынып тазалығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өзіндік бағалау (үй тапсырмасы бойынша)
Оқушылар өз дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы көрсетеді:
- Кім «5»-ке дайын?
- Кім «4»-ке дайын?
- Кім «3»-ке дайын?
- Кім мүлде дайын емес?
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Ток көзі
- Электр өткізгіштер
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Кім біледі?» ойыны
Слайд арқылы шартты белгілердің түрлері сұралады (8 шартты белгі). «5»-ке дайын оқушы 1 сұраққа жауап береді де, қалған оқушылардан «Кім біледі?» деп жалғастырып сұрайды.
Негізгі сұрақ: Электр схемасы дегеніміз не?
«Иә/Жоқ» ойыны (өткізгіш/оқшаулағыш)
- Темір ток өткізеді ме?
- Ауа ток өткізеді ме?
- Әйнек ток өткізеді ме?
- Пластмасса ток өткізеді ме?
- Мыс сым ток өткізеді ме?
- Ағаш ток өткізеді ме?
- Ылғал ағаш ток өткізеді ме?
- Резеңке ток өткізеді ме?
- Алюминий ток өткізеді ме?
Жаңа сабақ: электротехникалық материалдармен жұмыс
Электр аспаптарымен жұмыс істегенде әртүрлі материалдар қолданылады. Оларды дұрыс қолдану үшін арнайы құрал-саймандар қажет.
Негізгі материалдар
- Электр сымы
- Түтікшелер
- Оқшаулағыш таспа
- Электр бауы (кабель)
Қолданылатын аспаптар
- Тістеуік
- Монтердің пышағы
- Қысқаш
- Жұмыр қысқыш
- Бұрауыш
Материалдар мен құралдардың қысқаша сипаттамасы
- Электр сымы: ішкі өзегі мыс немесе алюминийден, сыртқы қабаты ток өткізбейтін оқшаулағыштан жасалады.
- Электр бауы: иілгіш оқшаулағышпен қапталып, тұрмыстық электр жабдығын ток көзімен жалғайды; екі немесе бірнеше өткізгіштен тұрады.
- Оқшаулағыш таспа мен түтік: сымдардың жалғанған жерін оқшаулап, қауіпсіздікті арттырады.
- Тістеуік: сымды кесуге арналған; сабы міндетті түрде оқшаулағышпен қапталуы тиіс.
- Монтердің пышағы: сымның оқшаулағыш қабатын алып тастау үшін қажет; сабы пластмасса немесе ағаштан жасалады.
- Қысқаш: сымды майыстыруға немесе бұрауға қолданылады.
- Бұрауыш: электр жабдықтарын құрастыруға қолданылады; сабы ағаш немесе пластмасса болады.
Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
- Ұқыпты, тәртіпті және өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындаңдар.
- Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
- Аспаптарды, материалдарды және жабдықтарды мұғалім көрсеткен тәртіппен орналастырыңдар.
- Тапсырманы орындау кезінде қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамаңдар.
- Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспаңдар.
- Электр тізбегін құрастырғанда, ауыстырып-қосу тетігін жалғағанда немесе жөндегенде ток көзі ажыратылған болуы керек.
- Кернеудің бар-жоғын тексеру үшін бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдаланыңдар.
- Егер адам электр желісіне жабысып қалса, оны құтқару үшін электр желісін ажырату қажет; төтенше жағдайда желіні үзіп тастауға да болатынын біліңдер.
- Резеңке қолғап пен резеңке етік ток соғудан қорғайтынын ұмытпаңдар.
Сарамандық жұмыс (жеке жұмыс)
Дайындық
- Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап.
- Жұмыс орнының қауіпсіздігін тексеру.
Қажетті материалдар
- Бұрауыш (құрастыруға қажетті)
- Электр патрондары
- Т.б. ұсақ құралдар
Жұмыстың мақсаты
Тұрмыста қолданылатын электр шамы патронының құрылысымен танысып, оны құрастырып үйрену.
Патрон туралы қысқаша мәлімет
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге орнатылатын, қабырғаға бекітілетін және асып қойылатын түрлері бар. Патронның корпусы ток өткізбейтін материалдан жасалады. Ішкі бөлігінде металл пластиналарға бекітілген екі түйіспе және бұрандалар орналасады.
Орындау реті
- Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып, фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
- Өзектің құрылысымен танысып, түйіспелерін және түйіспе бұрандаларын табыңдар.
- Сым жалғанатын орындарды анықтаңдар.
- Өзекті орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
- Патрон қақпағын мықтап бекітіңдер.
Жаңа сабақты бекіту
«Жұбын тап» тапсырмасы
Екі бағанда берілген сөздердің дұрыс жұбын табыңдар.
Сол жақ
- Электр үстелі
- Технологиялық бұрау
- Жұмыс материалдар
- Сымды таспа
- Оқшаулауыш пышағы
- Электротехникалық схемасы
- Қауіпсіздік элемент
- Гальваникалық карта
- Монтер ережесі
Дұрыс жауаптар
- Жұмыс үстелі
- Сымды бұрау
- Жұмыс материалдары
- Оқшаулағыш таспа
- Монтер пышағы
- Электротехникалық схема
- Қауіпсіздік ережесі
- Гальваникалық элемент
- Технологиялық карта
Қорытынды бөлім
VI. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, қауіпсіздік ережелерін сақтауы және сарамандық жұмысты орындау сапасы бойынша бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
Түрлі электр шамдарының эскизін салып келу.