Қазақстанның физикалық картасын қолдана отырып кесте толтыру
Сабақтың мақсаты
- Тарауда өткен тақырыптар бойынша оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтауға және анықтамаларды есте сақтау қабілетін жетілдіруге үйрету.
- Әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеуді дамыту, материалды жүйелеу және қорытындылау.
- Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа және өз ойын нақты жинақтап айтуға баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақ түрі
Қайталау сабағы.
Сабақ әдісі
Сұрақ–жауап, жинақтау.
Көрнекіліктер
Слайдтар, атлас, таратпа материалдар.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық«Қуаныш шеңбері» арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «План және карта» тарауы бойынша қайталау сабағымыз 6 кезеңнен тұрады. Сабақ барысында осы тараудан алған білімдеріңізді әр кезеңде көрсетесіздер (слайд арқылы көрсетіледі).
Кіріспе сұрақ: Тарауда қандай жаңа терминдермен таныстыңыздар?
2) «Қызықты сөздер»
Тапсырма: берілген негізгі ұғымдардың мағынасын түсіндіріңіздер.
3) «Сәйкесін тап!»
1-тапсырма
Тірек сызба бойынша жұмыс.
2-тапсырма
Қысқаша мағлұмат беру (ұғымдарды жүйелеу).
4) Топографиялық диктант
Сұрақ: Планның бізге қандай пайдасы бар?
Сұрақ: Пландағы нысандарды бір-бірінен ажырату үшін олардың үстіне атауын жазсақ, не болады?
Жауап: Бүкіл сызба жазумен толып кетеді, оны оқу қиынға соғады. Сондықтан біз шартты белгілерді қолданамыз.
Тапсырма: әңгіме бойынша шартты белгілерді пайдаланып, сызбаны құрастырыңыз.
Біз әжем екеуміз (қаладан) ________ шығып, (тас жол) ________ бойымен жүріп, (өзендегі ағаш көпір) ________ арқылы өттік. (Көл мен батпақты) ________ айналып, (аралас орман) ________ ішіндегі орманшының (үйіне) бардық. Әжем сонда қалды. Біз Серік екеуміз 1 шақырым (шалғындағы соқпақ жол) ________ бойымен (жеміс бағына) ________ барып, алма жинадық.
5) «Карта оқиық»
Әр оқушы географиялық координаталар бойынша нысанды тауып, картадан көрсетеді.
Нысандар
- Балқаш
- Астана
- Көкшетау
- Қарағанды
- Атырау
- Өскемен
6) Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмыс екі бөлімнен тұрады.
а) Кесте толтыру
Жарты шарлардың физикалық картасын және Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, өлшеу жүргізіңіз.
| Нысандар арасы | Оқу құрал-жабдықтары | Масштабы | Өлшеу нәтижесі |
|---|---|---|---|
| Атырау — Балқаш |
Қазақстанның физикалық картасы Жарты шарлар картасы |
1 см : 80 км 1 см : 930 км |
________ |
| Астана — Балқаш |
Қазақстанның физикалық картасы Жарты шарлардың физикалық картасы |
1 см : 80 км 1 см : 930 км |
________ |
ә) Кескін картамен жұмыс
1) Меридиандарды жасыл түспен белгілеңіз, бастапқы меридианды көк түспен көрсетіңіз.
2) Экваторды қызыл түспен белгілеңіз.
3) Жарты шарлардың атауын жазыңыз.
Тексеру: глобустан көрсету.
Бақылау: тест тапсырмалары
-
Алғаш рет Жер шарын айналып шыққан саяхатшы:
- а) А. Веспуччи
- ә) Х. Колумб
- б) Васко да Гама
- в) Ф. Магеллан
- г) Ш. Уәлиханов
-
Қай ежелгі грек ғалымы Жердің өлшемін алғаш болып шамамен дұрыс анықтады?
- а) Эратосфен
- ә) Птоломей
- б) Архимед
- в) Платон
- г) Аристотель
-
Ең үлкен масштабты көрсетіңіз.
- а) 1 : 50000
- ә) 1 : 20000
- б) 1 : 25000
- в) 1 : 12000
- г) 1 : 500
-
Көкжиектің неше негізгі бағытын білесіз?
- а) 2
- ә) 4
- б) 5
- в) 1
- г) 3
-
Теңізшілер көкжиек бағытын қалай атайды?
- а) азимут
- ә) румб
- б) бұрыш
- в) якорь
- г) эхолот
-
Жер шарының қай жерінде барлық бағыттар солтүстікті көрсетеді?
- а) экваторда
- ә) Оңтүстік полюсте
- б) Солтүстік полюсте
- в) кез келген ендікте
- г) бастапқы меридианда
-
Параллельдер қай бағытта созылып жатыр?
- а) батыстан шығысқа
- ә) солтүстіктен оңтүстікке
- б) солтүстік-батысқа
- в) оңтүстік-шығысқа
- г) кез келген бағытта
-
Нөлдік меридиан төмендегі қалалардың қайсысы арқылы өтеді?
- а) Мәскеу
- ә) Алматы
- б) Париж
- в) Лондон
- г) Вашингтон
Өзін-өзі тексеру және бағалау
Ұпай
8 ұпай — баға: 5
Ұпай
7 ұпай — баға: 4
Үй тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс.