Жазушылар сайысы

Алматы облысы, Ақсу ауданы • Б. Садырбайұлы атындағы орта мектебі • мектепке дейінгі шағын орталығы

Математика пәні мұғалімі: Рысбекова Бахыт Асқарқызы • 5-сынып

Тақырып

“Натурал сандардың бөлінгіштігі” тарауын қайталау

Мақсаты

  • Оқушылардың алған білімдерін жетілдіру және бағалау.
  • Еске сақтау, сөйлеу мәдениеті, ұйымдастырушылық және логикалық қабілеттерін дамыту.

Тарауды қайталау сабақтарын сайыс түрінде өткізген тиімді деп есептеймін. Оқушылар екі топқа бөлінеді: “Еселік” және “Бөлгіш”. Сайысқа осы екі “облыстан” келген ең мықты оқушылар қатысады.

Сайыс құрылымы

Жоспар

  1. Таныстыру
  2. Жазушылар сайысы
  3. Спортшылар сайысы
  4. Ақындар сайысы
  5. Кәсіпкерлер сайысы
  6. Әншілер сайысы
  7. Танымдық сайыс

Сайысты ашу сөзі

Уа, халайық! Халайық!
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі ойын төрінде —
Математика елінде,
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді ойын жасайық!

Осылайша бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

1-кезең: Таныстыру

Таныстыру кезеңінде топтың атауы, ұраны және топ мүшелері таныстырылады. Бағалауды әділқазылар алқасы жүргізеді.

“Еселік” тобы

Ереже: көбейту мен еселік
Тұрағы
Математика
Аты
Еселік
Саны
Шексіз
Тегі
Натурал сандар
Өнімі
Көбейту

“Бөлгіш” тобы

Ереже: бөлу мен бөлгіш
Тұрағы
Математика
Аты
Бөлгіш
Саны
Шектеулі
Тегі
Натурал сандар
Өнімі
Бөлу

Жас достарым, мұны жақсы ұғайық:
Математика ғылымын құрметтеуге лайық.

2-кезең: Жазушылар сайысы

Тапсырма

Осы тараудан алған білімдері туралы жазылған шығармаларынан қысқа үзінді оқылады. Бағалауды әділқазылар алқасы жүргізеді.

Шақыру шумағы

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады есеп шығару сайысына?

3-кезең: Спортшылар сайысы

Бұл кезеңде оқушылар есептер шығарып, бөлінгіштік пен еселікті анықтау ережелерін қолданады. Бағалауды әділқазылар алқасы жүргізеді.

“Еселік” тобының тапсырмалары

7 тапсырма
  1. 64 санын жай көбейткіштерге жікте.
  2. 12-ге еселік үш сан жаз.
  3. 244, 341, 5994, 633, 222 сандарының қайсысы 2-ге бөлінеді?
  4. 10-ға бөлінетін үш сан жаз.
  5. Үш жай сан жаз.
  6. ЕКОЕ (64, 16) тап.
  7. 9 санына бөлінгіштік ережесін айт.

“Бөлгіш” тобының тапсырмалары

7 тапсырма
  1. 74 санын жай көбейткіштерге жікте.
  2. 13-ке еселік үш сан жаз.
  3. 99, 1231, 214, 633, 541 сандарының қайсысы 2-ге бөлінеді?
  4. 5-ке бөлінетін үш сан жаз.
  5. Үш құрама сан жаз.
  6. ЕКОЕ (12, 36) тап.
  7. 3 санына бөлінгіштік ережесін айт.

Бағалау

Әр кезең бойынша ұпай әділқазылар алқасының шешімімен қойылады.