Саңырауқұлақ саясында

Саңырауқұлақ саясында

Зал іші мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші

Құрметті ата-аналар мен балалар! Сіздерді «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Айналаның бәрі алтын,
Жапырақ — сары алтын.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Балалардың өлеңдері

1-бала

Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзден нұр төгіп.

Тілегім — аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді ел іргесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз — ырыс, байлық ала келді.

2-бала

Төңірек толы сары алтын,
Күз келді туған жеріме.
Шуағы нұрлы жайнаған —
Алтын күз, әсем айналам!
Мерекесі халықты,
Алтын күзді тойлаймыз!

Көркем нөмірлер

  • Би: «Жапырақтар биі»
  • Хор: «Күз келгенде»

3-бала

Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Күз егінін алыпты.
Жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады.

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндерді кейіпті,
Сары жібек көйлегін.

4-бала

Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.

5-бала

Алтын, сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

Алтын күздің келуі

Музыка әуенімен залға Күз ханшайымы кіреді.

Күз

Алтын түске боялды
Тау мен қырқа, дала-түз.
Келдім міне орталарыңа,
Менің атым — Алтын күз.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Диалог

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын күз! Қош келдің, төрге шық.

Ән

«Осень милая, шурши»

Сыйлық пен тапсырма

Күз: Балалар, менің сендерге әкелген сыйымды қабыл алыңдар. Қане, көкөністерім, өнерлеріңді көрсетіңдерші!

Би: «Көкөністер биі»

Ойын: «Қолшатыр»

Күз туралы өлеңдер (орыс тілінде)

6-бала

Осень осыпается —
Весь наш бедный сад,
Листья пожелтели,
По ветру летят.

7-бала

Осень наступила —
Высохли цветы,
И глядят уныло
Голые кусты.

8-бала

Туча небо кроет,
Солнце не блестит.
Ветер в поле воет,
Дождик моросит.

Көрініс: «Саңырауқұлақ саясында»

Бір күні құмырсқа орман арасында келе жатады. Сол сәтте алдынан асыға секіріп шегіртке шығады.

Шегіртке

Құмырсқа, тездетіп үйіңе қайт!

Құмырсқа

Неге? Мен ешқайда асықпаймын.

Шегіртке

Көрмейсің бе, жаңбыр жауғалы тұр!

Шегіртке секіріп-секіріп кетіп қалады.

Құмырсқа өз шаруасын істей береді. Бір кезде қатты жел тұрып, жаңбыр жауа бастайды.

Құмырсқа

Қайда тығылсам екен?

Жан-жағына қараса, алқапта кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр.

Аспанды бұлт қаптады,
Төкті жерге нөсерін.
Мына саңырауқұлақ пана болса,
Маған тиер көмегін.

Құмырсқа жорғалап барып саңырауқұлақтың астына тығылады.

Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып көбелек келеді.

Көбелек

Күшім кетіп әлсіреп, қанатым су болып жабысып, ұша алмадым, Құмырсқа! Алшы мені қасыңа, пана берші басыма.

Құмырсқа

Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сыйып тұрмын.

Көбелек

Ештеңе етпейді! Көңіл жақын болса, жер тарлығы — оқа емес!

Құмырсқа көбелекті қасына кіргізеді.

Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді...

(Көрініс жалғасады.)

Автор туралы мәлімет

Қойтанова Дүрия Есмағзомовна — Атырау қаласы, №5 «Аққу» бөбекжай-балабақшасының саз жетекшісі.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}