Интерактивті тақтаға

Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер

Негізгі оқу мақсаты

Оқушыларды Гг дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың ерекшелігін меңгерту.

Дағдылар

  • Дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, сөйлем құрастыру.
  • Сауатты жазуға дағдылану, тілдік норманы сақтау.

Тұлғалық даму

  • Ақпараттық технологиялармен жұмыс арқылы өзіндік қабілетті дамыту, шығармашылыққа баулу.
  • Коммуникативтік қабілеттілік пен рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру

  • Қонақтарды қарсы алу.
  • Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу.
  • Құрал-жабдықтарды түгендеу.

Бүгін сыныпқа мұғалімдер қонаққа келді. Олар сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді байқайды. Сондықтан тәртіп сақтап, бар білгенімізді ортаға салайық.

Шаттық шеңбері

Хормен:

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым! Арайлап атқан күнге!

Осы жақсы көңіл күймен сабағымызды жалғастырамыз.

Ой қозғау (сұрақтар)

  1. Дыбыс деген не?
  2. Әріп деген не?
  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  4. Дауысты дыбыс деген не?
  5. Дауыссыз дыбыс деген не?
  6. Сөз неден құралады?
  7. Сөйлем неден құралады?
  8. Біз қандай мәтіндермен таныстық?
  9. Мәтін деген не? Оның бөліктерін ата.

Практикалық тапсырмалар

  • INSERT «Білемін» бағаны: оқушылар буындар мен сөздерді оқиды.
  • 3 оқушы тақтада үйрек, көмір, зығыр сөздерін кеспе әріптерден құрайды.
  • Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.
  • Интерактивті тақтада сөйлем жазу: «Қызыл.» «Көк.» «Айнала аппақ қар.»

Үй тапсырмасын тексеру

  • Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» өлеңінің мазмұнын сұрау.
  • Әдепті және әдепсіз баланың әрекеттерін салыстыру.
  • Венн диаграммасы арқылы топтастыру.

II. Мағынаны тану

Жұмбақ

Қоссаң екі буынды. Бірінші менің буыным — отын түрі бағалы. Ал екінші буыным — елдің ұлттық тағамы. Қане, дұрыс қосты кім?

Жауабы газ + ет = газет

Талқылау сұрақтары

  • Газет деген не?
  • Қандай газеттерді білеміз?
  • Газет не үшін қажет?
  • Журналдан айырмашылығы қандай?
  • «Газет» сөзінде қандай жаңа дыбыс естіліп тұр?

Жаңа тақырып: Г дыбысы мен Гг әрпі

Г дыбысы — дауыссыз дыбыс.

  • Ұяң, шұғыл айтылады.
  • Тіл қатысуымен жасалады.

Әріптің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

Г дыбысы сөздің басында және ортасында келеді. Ал сөз соңында жиі к дыбысына ауысып естілуі мүмкін.

Дыбыстық талдау (үлгі)

  • 1 буын, бітеу буын.
  • 2 дауыссыз, 1 дауысты дыбыс.

«Қойын дәптер» стратегиясы

Оқушылардан Гг дыбысынан басталатын немесе ішінде кездесетін сөздерді атау сұралады.

Сөздермен жұмыс

Интерактивті тақтадағы сөздерді оқу, таныс емес сөздерге сөздік жұмысы жүргізу, сөйлем құрастыру.

егін
егіз
кереге
шеге
шөңгел
егеу
сегіз
бетеге
неге
мезгіл

III. Сергіту сәті

Көңілді әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау.

Қане, қанат жазайық, Көгершінге ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызды табайық!

IV. Оқулықпен жұмыс

Кіріспе әңгіме

  • Сергіту сәтінде қандай құстың аты аталды?
  • Қандай құстарды білеміз?
  • Құстар табиғаттың қай бөлігіне жатады?

Мәтін/өлеңмен танысу

Н. Баймұхамедовтың «Ақ көгершін» өлеңімен танысу.

Көгершін — дүниежүзіндегі халықтардың бейбітшілік құсы. Ол тыныштық пен берекенің нышаны саналады. Кейбір халықтар өздеріне жақын құстарды қасиетті деп біледі: жапондықтар — тырнаны, үндістер — тауысты, ал қазақ халқы — аққуды киелі құс деп құрметтейді.

  • Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылар тізбектей оқиды.
  • Жатқа айтатын оқушылар тыңдалады.
  • Музыка пәні мұғалімі Айгүл апай әндетіп орындайды, оқушылар қосылады.

V. Дәптермен жұмыс

Әріптің жазылуын бекіту, сөздерді көркем жазу, сөйлем құрап жазу арқылы сауаттылықты арттыру.

VI. Ойтолғау (рефлексия)

Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық? Сабақ несімен ұнады?

Кері байланыс: ақшыл түсті гүл күлтесін тақтаға жапсырады (сабақ ұнаса). Ұнамаса — қара түсті күлтешені таңдайды.

VII. Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптарды қайталау, Гг әрпіне байланысты сөздермен сөйлем құрап келу (мұғалім нақтылап береді).

VIII. Мадақтау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, еңбегін атап өту, келесі сабаққа ынталандыру.