Квадрат теңдеудің түрлерін ата

Қысқа мерзімді жоспар (Алгебра, 8-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңсіздікті шешу.

Мақсаты

Оқушыларда квадрат теңсіздік туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері (күтілетін нәтиже)

  • Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешуді меңгереді.
  • Теңсіздікті квадраттық функция графигінің көмегімен шешуді үйренеді.
  • Теңсіздіктерді шешуде интервалдар әдісін қолдана алады.
  • Теңсіздіктің шешімін табуға дағдыланады.

I. Қызығушылықты ояту кезеңі

1) Тренинг

5 минут

Оқушылар қысқа диалог арқылы бір-бірімен амандасып, жағымды көңіл күй қалыптастырады:

  • «Сәлем, досым!»
  • «Сен қалайсың?»
  • «Қайда болдың?»
  • «Мен сені сағындым.»
  • «Сен келдің!»
  • «Жақсы болды.»

2) Топқа бөлу

5 минут

«Сандарды өсу ретімен жаз» тапсырмасы арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

Берілгендер:

-3 0,2 -8 4 √9 0 -1,5 -2

Топ атаулары:

Н В И Л А Р Е Т

3) «Миға шабуыл»

3 минут

Оқушылардың алдыңғы білімін еске түсіру және жаңа тақырыпқа бағыттау үшін сұрақтар:

  1. Квадрат үшмүше дегеніміз не?
  2. Квадрат үшмүшені 0-ге теңестіргенде не аламыз? Ол қалай аталады? Анықтамасын айтыңдар.
  3. Квадрат теңдеудің түрлерін атаңдар.
  4. Квадрат теңдеудің түбірлер саны қалай анықталады?
  5. Виет теоремасы қашан қолданылады? Теореманы тұжырымдап айтыңдар.
  6. D = 0 болғанда Виет теоремасын қолдануға бола ма?
  7. Квадрат үшмүшені y-ке теңестірсек, не шығады? Ол қалай аталады және графигі қандай?
  8. Параболаның тармақтарының бағыты қалай анықталады?
  9. Парабола қандай жағдайда a есе созылады, ал қандай жағдайда 1/a есе сығылады?

Пән мұғалімі

Әбдуалиева Л. Қ.

Материал: «Квадрат теңсіздікті шешу» (жүктеу үшін дайындалған мазмұн).