Салыстырмалы шырай
Қазақ тілі (7-сынып)
Жылдық күнтізбелік жоспар және күнделікті сабақ жоспарлары
Бұл материал 7-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша жылдық жоспарлау логикасын және күнделікті сабақ құрылымын жүйелеуге көмектеседі. Негізгі бөлім сын есім тақырыптарына арналған.
Тақырыптар топтамасы (21–25)
-
21-тақырып
Сын есімнің түрленуі
-
22-тақырып
Салыстырмалы шырай
-
23-тақырып
Күшейтпелі шырай
-
24-тақырып
Сын есімнің емлесі
-
25-тақырып
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Күнделікті сабақ жоспары: «Сын есімнің түрленуі»
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер
Үлестірмелі кеспе қағаздар, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет.
Сабақтың мақсаты
а) Білімдік
Сын есімнің түрленуі туралы түсінік беру, сабаққа қызығушылықты арттыру, негізгі мәселелерге назар аударуға үйрету.
ә) Дамытушылық
Өз бетінше ізденуге ынталандыру, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру. Тілдік және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін ашу, сөздік қорын молайту.
б) Тәрбиелік
Мақал-мәтелдер арқылы рухани байлықты қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу, тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерді дамыту, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге дағдыландыру.
Сабақ барысы
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Үйге берілген жаттығу тексеріледі. Бекіту мақсатында келесі сұрақтар қойылады:
- 1. Сөйлем мүшесі неше түрге бөлінеді?
- 2. Тұрлаулы мүшеге қайсысы жатады?
- 3. Неліктен тұрлаусыз мүшелер жеке өзі сөйлем құрай алмайды?
Негізгі анықтамалар
Сын есімнің түрленуі — сын есімнің шырай формаларына енуі.
Сын есімнің шырайы — бір тектес сапалық сындардың бірінің екіншісінен артық немесе кемдігін, белгінің әр түрлі дәрежеде болуын білдіретін грамматикалық категория.
Сын есімнің жіктелуі
Мағынасына қарай
- 1) сапалық
- 2) қатыстық
Құрамына қарай
- 1) негізгі
- 2) туынды
- 3) күрделі
Жаттығумен жұмыс
64-жаттығу: мәтінді өзіндік диктант ретінде жазады. Мәтіннен сапалық сын есімдерді тауып, олардың ерекшелігін түсіндіреді.
Жеке оқушылармен жұмыс
Берілген сын есімдерге бір тектес сапалық белгіні білдіретін жұрнақтарды жалғап жазыңдар.
Үлгі
қызыл — қызғылт, қызғылтым, қызылдау, қызылырақ, тым қызыл, өте қызыл
Сөздер
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі. Қайталау үшін келесі сұрақтар қойылады:
- 1. Сын есім дегеніміз не?
- 2. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- 3. Сын есім құрамына қарай қалай жіктеледі?
Білімді бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен орындаған жұмысына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
66-жаттығу: сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңдар.
Қосымша материалдар
21, 22, 23, 24, 25-сабақтарды жүктеу және материалдың толық нұсқасын алу мүмкіндігі қарастырылған.