Paint редакторында сурет салу

Маңғыстау облысы · Бейнеу ауданы

«Абай атындағы орта мектебі» ММ · Информатика пәні мұғалімі: Абдыллаева Зауре

Тақырыбы: «PAINT-қа саяхат»

Математика және информатика апталығы аясында 7-сынып оқушылары арасында өтетін «Paint-қа саяхат» сайысы — компьютерлік графикаға қызығушылықты арттырып, білімді бекітуге бағытталған шығармашылық жарыс.

Мақсаты

  • Оқушылардың алған білімдерін нығайту.
  • Ойын нақты, тиянақты жеткізе білуге және қарсыласын тыңдай білуге тәрбиелеу.
  • Тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
  • Шығармашылыққа баулу және пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі

  • Проектор
  • Слайдтар
  • Paint редакторының терезесі

Түрі

Сайыс сабағы (ойын түрінде).

Кіріспе сөз

Құрметті оқушылар! Бүгінгі математика және информатика апталығы аясында 7-сыныптар арасында өтетін «Paint-қа саяхат» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Бұл сайыста әрқайсыңыздың сурет салудағы шеберлігіңіз сыналады. Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, топтармен танысайық.

Топтар

  1. «Компьютер» тобы
  2. «Информатика» тобы
  3. «Ақпарат» тобы
  4. «Программа» тобы

Әділқазылар алқасы

  • Информатика пәні мұғалімі
  • Математика пәні мұғалімі

Сурет салу — өте ертеден бастау алатын көне өнер. Біреулер үшін ол атақ-абыройға жеткізсе, енді біреулер үшін хобби, ермек. Параққа шимайламаған адам кемде-кем.

Суретті құмға да, бояумен де, жай қарындашпен де салуға болады. Ал бұл сайыстың ерекшелігі — біз суретті компьютерде, Paint графикалық редакторын пайдаланып саламыз.

Батылдық балалық шақтан басталады. Бала тәрбиесіндегі тиімді құралдардың бірі — ойын. Сондықтан бүгінгі сайысымыз ойын түрінде өтеді.

Кезеңдердің мазмұны және бағалау

2-бөлім: Пікірталас

Әр топтан бір оқушы шығып, компьютердің пайдасы мен зияны туралы ой талқысына қатысады.

Ең жоғары ұпай: 5

3-бөлім: Бұл не?

Топ мүшелері қиындылардан сурет құрастырып, шыққан құрылғыны анықтайды: атауын және қызметін түсіндіреді. Әр топқа әртүрлі сурет беріледі.

Ең жоғары ұпай: 5

4-бөлім: Қызықты сұрақтар

Бұл турда барлық топ мүшелері жауап бере алады. Дұрыс жауап берген топқа ұпай қосылады.

Сұрақтар

  1. Сурет салуға арналған бағдарлама қандай?
  2. Графиктік редактордың меню құрамын атаңдар.
  3. Графикалық редакторды іске қосу жолы қандай?
  4. Редактордағы құралдар саны қанша?
  5. Құю құралы қандай қызмет атқарады?

Жалғасы

  1. Бүріккіш құралының қызметі қандай?
  2. Әрекетті болдырмау үшін қандай команданы орындаймыз?
  3. Алғаш рет сақтау командасы қандай?
  4. Түстер палитрасы көрінбесе, қалай шығарамыз?
  5. Салынған суреттің масштабын қалай өзгертеміз?

Дұрыс жауап үшін: 5 ұпай

5-бөлім: Сурет сыры

Paint құралдарының суреті төртбұрыштармен жабылады. Оқушы суреттің бір бөлігін ғана ашып, соның көмегімен қандай құрал немесе құрылғы екенін табады. Кім бұрын тапса, сол топ алға шығады.

Жеңімпаз топқа: 5 ұпай

6-бөлім: Кім жылдам?

Слайдта суреттер көрсетіледі. Сол суретте ең көп қолданылған құралдың атауын және неше рет қолданылғанын айту керек. Жауапты бірінші айтқан оқушының тобы ұпай алады.

Бірінші жауапқа: 5 ұпай

7-бөлім: Жас суретшілер — «Қыс көрінісі»

Әр топ Paint редакторында «Қыс көрінісі» тақырыбында сурет салады. Жұмыстардың көркемдігі, ұқыптылығы және тақырыпқа сәйкестігі ескеріледі.

Бағалау

Жақсы әрі әдемі салынған сурет үшін әр оқушыға 5 ұпай беріледі.

Нәтиже

Ұпайлар жинақталып, финалда қорытынды шешім шығарылады.

8-бөлім: Қорытынды және марапаттау

Оқушылардың жұмыстары қорытындыланып, жалпы бағалар қойылады. Әділқазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаздар анықталады және марапатталады.

Негізгі назар: білім, жылдамдық, шығармашылық, ұжымдық жұмыс.

Қорытынды ой

«Paint-қа саяхат» сайысы оқушыларға компьютерлік графиканың негізгі құралдарын практикада қолдануға, өз ойын еркін жеткізуге, қарсыласын тыңдауға және командамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы — әр қатысушы өз қабілетін байқатып, шығармашылықпен ізденуге қадам жасайды.