Сендер Ботақанға әжесі қандай сыйлық сыйлады деп ойлайсыңдар

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Тіл дамыту. «Қазақстанға сиқырлы саяхат»

«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Алып жатыр жарты дүние әлемін!»
Қасым Аманжолов

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың өткен модульдер бойынша білімдерін тиянақтап, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері

1) Білімдік

Танымдық және қатысымдық біліктіліктерін арттыру; өзіндік пікірін білдіруде тілдік бірліктерді сауатты қолдануға үйрету; талдау және салыстыру дағдыларын жетілдіру; сабақ барысында пәнаралық білімді қолдану.

2) Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейту; шығармашылық белсенділігін және диалогтік сөйлесу икемін дамыту; тіл мәдениетін қалыптастыру; пікірін сауатты әрі дәл жеткізуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

Өзгелердің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу; бір-біріне өзара көмек көрсетуге баулу; Отанға деген сүйіспеншілік сезімін нығайту.

Әдіс-тәсілдер

  • СТО (сыни тұрғыдан ойлау) элементтері
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың түрі

Қайталап жинақтау – тіл дамыту сабағы.

Пәнаралық байланыс

География, тарих.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Карта суреті Сипаттама Үлестірме материалдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (1–2 минут)

Тілдік ортаға ену: оқушылармен амандасу, күн, ай, апта атаулары туралы қысқаша тілдесу, топтарға бөліп отырғызу.

А) Қызығушылықты ояту (2–3 минут)

Сабаққа кіріспе

– Балалар, бүгін біз өткен тақырыптарды қорытындылап, тілімізді дамыту мақсатында саяхат-сабақ өткізгелі отырмыз. Кіріспе ретінде сіздерге қысқа аңыз әңгіме айтып беремін (1-қосымша).

Аңыздан үзінді

Ертеде… Сонымен қатар оның Құлыншақ–Тұлпар, Балапан–Бүркіт, Бала–Барыс (1-слайд) сияқты өте сенімді достары бар еді… Ақ Ботақан достарына әжесінің туған күніне сыйлаған сыйлығын көрсетті.

– Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар: Ботақанға әжесі қандай сыйлық сыйлады? (Оқушылардың жауаптары.) Жауаптарға сүйене отырып, аңыз әрі қарай жалғасады.

Әжесі Ботақанға көгілдір түсті матаға жібек жіппен тігілген сурет сыйлапты…

Саяхатқа шақыру

– Осыны қалай білсек екен? (2-слайд – карта)

– Қалай дегенің не? – деді достары бірауыздан. – Саяхатқа шығайық!

Таудан үш жол басталады екен: біреуі – батысқа, екіншісі – оңтүстікке, ал үшіншісі – солтүстікке бет алған… (3-слайд)

Төртеуі осыған келісті де, саяхатын әрі қарай жалғастырды.

Негізгі идея

Сонымен, балалар, олардың Қазақстанға сиқырлы саяхатына (4-слайд) сәт сапар тілейік. Олар қайтып оралғанша, осы карта бойынша біз де саяхат жасап, білімімізді ортаға салайық!

Саяхатымыз сәтті болуы үшін бірқатар тапсырмалар орындаймыз. Сабақ бірнеше бөлімнен тұрады.