Қостілдік құрам

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Валеология

Тақырыбы

Азық-түліктер. Дәрумендер.

Мақсаты

  • Азық-түліктің сапасын иісі, дәмі, түсі арқылы ажырата білуге үйрету.
  • Дәрумендердің табиғи қорғаныш екенін ұғындыру және олардың пайдасын түсіндіру.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс

Сергіту сәтін қайталау.

Қостілділік құрам

Азық-түлік
продукты
Дәрумендер
витамины
Аспазшы
повар

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Балалар, бүгін бізге қонаққа аспазшы апай келді. Ол бізге тағамды иісі мен түсіне қарап ажыратуды және дәрумендердің пайдасы туралы айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сұрақ-жауап

  • Азық-түліктер дегеніміз не?
  • Азық-түлікке нелер жатады?
  • Азық-түліктерді қалай ажыратамыз (түсі, дәмі, иісі бойынша)?

Негізгі түсініктер

Азық-түліктерді түсіне, дәміне және иісіне қарап ажыратуға болады. Азық-түлік түрлеріне ұннан жасалған тағамдар, ботқалар, кеспе сияқты өнімдер жатады.

Маңызды ереже

Тағамды ішпес бұрын оның иісін байқап, дәмін тексеріп көру керек. Егер жағымсыз иіс шықса немесе дәмі күмәнді болса, оны жеуге болмайды — бұл улануға әкелуі мүмкін.

Дәрумендер туралы

Дәрумендер — тағам құрамында болатын, адам ағзасы үшін аса маңызды заттар. Олар табиғи қорғаныш қызметін атқарады.

Дәрумендер жемістер мен көкөністердің құрамында көп кездеседі. Сондықтан күнделікті ас мәзірінде жемістерді жиі қолдану қажет, әрі оларды мұқият жуып жеу керек.

Негізгі дәрумендер

A, C, B, D, E

Сергіту сәті

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Дидактикалық ойын: «Дәмін ажырат»

Мақсаты

Балаларға тағам түрлерін дәміне қарай ажыратуды үйрету.

Ойын шарты

Балалар көздерін жұмып, тағам түрлерін дәмін тату арқылы ажыратады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз немен таныстық?
  • Бізге қонаққа кім келді?
  • Аспазшы апайға алғыс айтып, шығарып саламыз.

Күтілетін нәтиже

Біледі

«Азық-түлік», «дәрумендер» сөздерімен танысады.

Игерді

Тағам түрлерін ажырата білу дағдыларын дамытады.

Меңгерді

Дәрумендердің пайдасын түсінеді.

Тәрбиеші

Сундетова Н. Д.

Тақырыбы: «Азық-түліктер. Дәрумендер.»