Бүгінгі сабақта көптеген көлік түрлерін атап өттік

Сабақтың тақырыбы

В дыбысы мен әрпі

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекілігі

Сөздер, суреттер, ат бейнесі, тірек сызба

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО стратегиялары

Сабақтың мақсаты

1

Оқушыларды В дыбысы мен әрпімен таныстыру; осы әріп арқылы берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету; сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру.

2

Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін, сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту.

3

Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ойын толық жеткізе білуге және үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту.
  • Оқу құралдарын түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) «Сөз ойла, көп ойла» ойыны

жиһаз гауһар қаһар қаһарман

Қаһарманбатыр, батыл, ер жүрек.

2) Батырларды атау

Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Әлия, Мәншүк, Бауыржан.

III. Жаңа сабақ

Жұмбақ

Хош келдіңіз ұраны,
Бір сөнбейді шырағы.
Жұрттың бәрін қарсы алып,
Шығарып сап тұрады.

Жауабы: вокзал

В дыбысы мен әрпі

  • В — дауыссыз дыбыс, ұяң.
  • Дыбыс төменгі ерін мен жоғарғы тістің жуысуынан жасалады.
  • Әріптің үлгілері: В, в.

IV. Оқулықпен жұмыс

В әрпінің баспа түрі

Оқулықтағы үлгі бойынша таныстыру және салыстыру.

«Велосипед» суреті бойынша жұмыс

  • Бұл қандай көлік?
  • 2–3 сөйлем құрау.
  • Тағы қандай көлік түрлерін білесің?
машина кеме трамвай ұшақ троллейбус велосипед

V. «Вокзал» суретімен жұмыс

Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.

Жаңа сөз

Жолсерік — пойызда жолаушыларға қызмет көрсететін адам.

VI. Баған сөздерін оқу және мағынасын ашу

Сөздік жұмысы

Витаминдәрумен.

Баған сөздерін оқушыларға кезекпен оқыту, дыбыстық талдау элементтерін қолдану.

VII. Сергіту сәті

«Болайықшы осындай» жаттығуы.

VIII. Мәтінді оқу және мазмұнын талдау

  • Оқушылардың оқуы (кезекпен немесе тізбектей).
  • Мәтіннің мазмұнын ашу, сұрақтар арқылы талдау.

Сұрақ: Осы мәтінде әжей балаларға қандай бата берді?

Игі тілек — бата, ал бата — алғыс сөз.

IX. Дәптермен жұмыс

Вв — жазбаша түрі: тақтаға жазу, ауада жазу, дәптерге көркем жазу.

Диктант

вокзал вагон

Жазған сөздерге дыбыстық талдау жасау.

X. Тақтамен жұмыс

«Сиқырлы сөзді» оқу, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

  1. «Вагон» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  3. Сөйлем неден тұрады?
  4. Әжей қандай бата берді?

XI. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта көптеген көлік түрлерін атадық. Ертеректе жылқы мен түйе көлік ретінде пайдаланылғанын да еске түсірдік. Жүйрік аттың бейнесі арқылы ойды қорытындыладық.

Оқудың озатына — арман да таяу болар,
Білімнің боз атына мінбеген — жаяу қалар.

XII. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұндау.

XIII. Оқушыларды мадақтау

Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау және мадақтау.