Тілдің құрлысымен таныстыру

Сабақ тақырыбы

Тіл — дәм сезу мүшесі.

Жалпы мақсат

Дәм сезу мүшесінің қызметі туралы түсінік беру және тілдің құрылысымен таныстыру.

Міндеттері

  • Тілдің дәм сезу мүшесі екенін түсіну.
  • Тілдің гигиеналық талаптарын сақтау.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар тілдің дәм сезу мүшесі екенін түсінеді.
  • Тіл гигиенасына қатысты талаптарды сақтайды.

Көрнекіліктер

Суреттер, слайдтар, электронды оқулық.

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Мұғалім оқушылардың көңіл күйін және сабаққа дайындығын сұрап, ынталандырады:

  • Көңіл күйлеріңіз қалай? — Керемет!
  • Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? — Тамаша!
  • Ынтаңыз ше? — Ғажап!

Одан кейін сабақ басталады.

II. Топқа бөлу

Үстел үстіне жемістер мен кәмпиттер қойылады. Оқушылар өздеріне ұнаған затты таңдап алып, сол таңдауы бойынша топтарға бөлінеді.

III. «Ойланып, жауап бер»: үй тапсырмасын тексеру

Мұрын және иіс сезу тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады, жауаптар шаблондар арқылы бағаланады.

  1. Мұрын қандай мүше?
  2. Қандай мұрын ауруларын білесің?
  3. Иіс сезу мүшесін не нашарлатады?
  4. Мұрнымызды қалай күтеміз?
  5. Мұрын қуысы бітеліп қалса, адамды дені сау деуге бола ма?

IV. Ой қозғау: дәмді қалай білеміз?

Оқушылар қолдарындағы заттардың дәмін татып, оның ащы, тұщы немесе тәтті екенін айтады.

Сұрақ: Олардың дәмін қалай білдіңдер?

Жауап: Тіл арқылы.

V. Жаңа сабақ: «Тіл — дәм сезу мүшесі»

1) Білу

Электронды оқулық арқылы тілдің дәм сезудегі рөлі таныстырылады.

2) Түсіну

Оқулықтағы мәтін оқылады. Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы түсінік тексеріледі.

3) Қолдану

Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Ойын: «Эмоция арқылы көрсет»

Ойын шарттары түсіндіріліп, оқушылар эмоцияны ым-ишарамен көрсетеді.

4) Оқулықпен жұмыс

Мәтін қайта оқылып, сұрақтар мен тапсырмалар орындалады.

VI. Талдау: сарамандық жұмыс (жұптық жұмыс)

  • Ауызды жауып отырып, сөйлей аламыз ба?
  • Ойды ыммен түсіндіре аламыз ба?
  • Қорытынды жаса: тілмен тағы не істейміз?

Оқушылар қорытынды жасайды: тілмен сөйлесеміз, яғни тіл — қатынас құралы.

Сұрақ: Біз қай тілде сөйлесеміз? Жауап: Біз қазақ тілінде сөйлесеміз.

VII. Жинақтау: топтық жұмыс

Әр топқа жемістер, көкөністер және кәмпиттер беріледі. Оқушылар заттарды сипаттап жазады: пішіні, көлемі, түрі, түсі, дәмі және басқа да белгілері.

VIII. Бағалау: өзін-өзі бағалау

  • Бүгінгі сабақтан нені түсіндің?
  • Түсінгеніңді қанша балға бағалар едің?
  • Неліктен осы бағаны таңдадың?

IX. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауы бойынша беріледі.

X. Кері байланыс

Оқушылар сабақ туралы пікірлерін смайликтерге жазып қалдырады.