Көпшілік алдын кемсіту - жаман қасиет

Ер адамдармен қандай тақырыпта әңгіме қозғамаған жөн

Қыздар жігіттермен әңгімелескенді жақсы көреді. Екі адамға да қызық тақырып табылса — керемет. Ал әңгіме серігіңізге ұнамай тұрғанын байқасаңыз, сөзді созбай, жеңіл жымиып, басқа тақырыпқа ауысқан дұрыс.

Төмендегі қарапайым қағидаларды ұстансаңыз, сөйлесудің де, таныстықтың да табиғи әрі жайлы жүруіне көмектесесіз.

1-ереже. Өткен өмір — талқылайтын тақырып емес

Егер тұрмыс құруды ойлап жүрсеңіз, отбасының берік болуы үшін бұрынғы жігітіңіз туралы сөз қозғамаған жөн. Бұл тақырып құпия болып қала берсін.

Неге маңызды?

  • «Ол сондай жаман болса, неге кездесіп жүрдің?» деген күдік туындауы мүмкін.
  • «Ертең біз айырылсақ, мен туралы да солай айтасың ба?» деген ой келеді.
  • Тіпті «Мүмкін, ол сені тастап кетіп, дұрыс жасаған шығар» деген ауыр пайымға да жетелеуі ықтимал.

2-ереже. Түсінбесеңіз — білгішсінбеңіз

Жігітпен сөйлескенде өзін тым асқақ ұстап, менсінбей қарау — орынсыз. Түсінбейтін тақырыпқа килігіп, дауласу да адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.

  • Бұрынғы жігітіңізді мақтай беру де күмән туғызуы мүмкін: «Әлі күтеді, әлі де жақсы көреді» деген ойға жетелейді.
  • Бір тақырыпқа «жабысып алып», жігіт түсінбесе де тоқтамай айту — сөйлесуді ауырлатады.
  • Әңгіме тізгінін ер адамның да ұстауына мүмкіндік беріңіз.

Сондай-ақ, енді ғана танысқан адамнан «қанша табыс табасыз?» деп сұраудың қажеті жоқ. Ал өзіңіз көбірек табыс табатын болсаңыз, оны ерекше атап өтпеуге тырысыңыз.

3-ереже. Оның көзінше бөтен еркекке тамсанбаңыз

Басқа адамның қабілетіне қысқа ғана қызығушылық таныту — қалыпты нәрсе. Бірақ оны жігітіңіздің алдында ерекше тамсанып айту дұрыс түсінілмеуі мүмкін.

Құрбыңыздың жолдасын, оның жетістігін немесе «қандай керемет» екенін айтып мақтай бермеңіз. Бұл — салыстыруға ұқсап кетеді.

Салыстыру көп адамға ұнамайды: серігіңіз өзін «біреумен жарысып жүргендей» сезінуі мүмкін.

4-ереже. Оның отбасы — оның қорғаны

Оның ата-анасы, жақындары, жора-жолдасы туралы теріс пікір айтпаңыз. Тіпті сізге бір әрекеті ұнамаса да, «дәмсіз тамақ» немесе «мазасыз мінез» сияқты дүниелерді бетке басудың қажеті жоқ.

Олар сізсіз де өмір сүріп келген, әрі өмір сүре береді — мұны ұмытпаған жөн. Өзіңіз туралы сын айтылса, қалай шамданатыныңызды еске түсіріңіз.

Егер серігіңіздің бойынан түзетуге болатын нәрсе байқасаңыз, оны сыпайы, нақты әрі орнымен жеткізіңіз. Ал оның хоббиін «пайдалы-пайдасыз» деп бағалауға асықпаңыз: бос уақытын әркім өзі қалай өткізетінін өзі шешеді.

5-ереже. Тұспалдаудың қажеті жоқ

Астарлап сөйлеу кейде әдемі көрінуі мүмкін, бірақ көп ер адамдар тұспалды бірден түсіне бермейді. Айтарыңызды анық жеткізе алмасаңыз, байқаусызда жігіттің шамына тиіп кетуіңіз мүмкін.

Сұрақ қойсаңыз — нақты қойыңыз. Өтінішіңіз болса — түсінікті айтыңыз.

6-ереже. Барлығын егжей-тегжейлі баяндаудың керегі жоқ

Аптасына неше рет салонға баратыныңызды, шашты қанша рет бояйтыныңызды түгел тізіп айтып отыру міндет емес. Сол сияқты туыстар мен достар туралы ұзақ-сонар әңгіме де жігітке қызық болмауы мүмкін.

Көп жағдайда ол сізді танығысы келеді. Сондықтан әңгіменің негізгі бөлігі өзіңіз туралы болғаны дұрыс.

7-ереже. Көпшілік алдында кемсіту — жаман қасиет

Ер адамдар көпшілік ортада жігітті әзілмен болса да қағытып, кемсітетін қыздарды ұнатпайды. Қасындағы адам оны әсіресе жұрт ішінде құрметтегенін қалайды.

Еркектердің жаны нәзік, тез жараланғыш болуы мүмкін. Сондықтан қарым-қатынаста ұқыптылық қажет.

Тақырыпқа сай, тапқыр әзіл болса да, ащы мысқыл көп жағдайда көңілге тиеді. Мұндай жағдайда жігіт ұзақ тұрақтамайды.

8-ереже. Үнсіздік — алтын

Дипломат — сөз айтпас бұрын екі рет ойланып барып сөйлейтін адам. Сол әдетті өзіңізге де сіңіріңіз: қажетсіз дауды қоздырмай, артық сөзден сақтану көбіне қарым-қатынасты жеңілдетеді.

Дереккөз: lifehacker. Материалды дайындаған: Асыл.