Сайыстың барысы
Сабақ жетекшісі
Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Мақсаты
Білімділік
1851 жылдан бастау алатын дүниежүзілік көрмелердің тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімді тереңдету.
Дамытушылық
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін нығайту және тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістерден тыс қалмауға баулу, ел жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Өткізілу формасы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасы негізінде ұйымдастырылады.
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері туралы слайдтар
- Сайыс бөлімдерінің тапсырмалары берілген слайдтар
Сайыстың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларды қарсы алу, ережелерді түсіндіру.
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
- Қатысушылардың өзін таныстыруы. Оқушылар аты-жөнін, сыныбын және өмірлік ұстанымын айтып таныстырады.
І бөлім: «Бәйге»
Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сұрақтар
- Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш рет қай жылы өтті?
- Халықаралық көрмелер бюросы (BIE) қашан құрылды?
- 1876 жылы АҚШ-та өткен алғашқы ЭКСПО көрмесі қай қалада ұйымдастырылды?
- 1889 жылғы ЭКСПО көрмесінің символына айналған, Лондонда тұрғызылған ғимарат қалай аталады?
- АҚШ тарихында дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қанша рет өтті?
- Австро-Венгрия империясы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін қай жылы өткізді?
- 1888 жылғы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Испанияның қай қаласында өтті?
- 1893 жылы Чикагода өткен дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде орыс ғалымы Славянов өзі ойлап тапқан қандай құралды ұсынды?
- 2008 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қай мемлекетте өтті?
- Қазақстан дүниежүзілік ЭКСПО көрмелерінде қанша рет өз павильонын орнатты?
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1958 жылы өткен алғашқы «бейбіт» көрме қай қалада ұйымдастырылды?
- 1967 жылы, адамдардың ғарышқа қызығушылығы артқан кезеңде Кеңес Одағы павильонына 13 млн көрермен келген дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қай қалада өтті?
- 2015 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өтетін қала қайсы?