Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету

Сабақ туралы мәлімет

Өңір, аудан, елді мекен

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Мектеп ауылы

Білім беру ұйымы

Мектеп негізгі мектебі КММ

Пән мұғалімі

Математика және информатика пәнінің мұғалімі — Балахметова Роза Балгабаевна

Тақырып

«Дарындылар додасы»

Мақсаты

Білімділік

  • Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын және зейінін арттыру.
  • Есеп шығаруға құлшынысын күшейтіп, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық

  • Ой-өрісін кеңейту және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Білімге құштарлық пен зейінді, ұйымшылдық қабілеттерін қалыптастыру.
  • Алдыңғы білімді саралап, қажеттісін қолдануға және салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа және белсенділікке баулу.
  • Жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Сабақ типі

Білім мен дағдыларды жетілдіру сабағы

Сабақ түрі

Жарыс сабақ

Көрнекілігі

Компьютер, қанатты сөздер, бағалау парағы

Сабақ барысы

Кіріспе сөз

1-жүргізуші

«Асыл тастан, өнер жастан шығады» деп халық бекер айтпайды. Абай атамыз айтқандай, өмірдің өзі — сайыс, ойын.

2-жүргізуші

Бүгін сыныбымызда математика пәнінің алғырлары күш сынасып, білім деңгейін көрсетеді.

1-жүргізуші

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен таласуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға?
Ортаға сайыскерлерді шақырамыз!

2-жүргізуші

Құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық!

I тур — «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар —
Бәйге, бәйге, бәйге — бір көріңіз!

Ереже

Қатысушыларға жылдам сұрақтар қойылады. Бірінші болып белгі берген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Тапсырмалар

  1. Жақша алдында минус таңбасы болса, жақша қалай ашылады? Жауабы: жақша ішіндегі алгебралық қосындылардың таңбалары қарама-қарсы таңбаға өзгереді.
  2. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады? Жауабы: құрамында әрпі бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

II тур — «Тіл-өнер»

Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

Ереже

Сайыскерлерге жұмбақтар, мақал-мәтелдер және геометриялық ұғымдар беріледі. Жауабын тауып, оны екі тілге аударады: дұрыс жауап — 10 ұпай, аудармасы — 20 ұпай.

Тапсырмалар

  1. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу — прямая)
  2. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралған геометриялық фигура. (бұрыш — угол)
  3. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі. (сәуле — луч)
  4. Тік бұрыштан кіші бұрыш. (сүйір — острый)
  5. Көп сөз — күміс, аз сөз — алтын. (золото)

2-жүргізуші

Қойылған сұрақ пен есепке ойланып жауап іздейік. Уақытты текке өткізбей, лезде шешіп өтейік. Келесі айналымға көшейік!

Келесі бөлім — «Ғажайып бестік»

Бұл бөлімде оқушылар компьютердегі кесте арқылы сұрақтарды таңдайды.