Жердің қатты сыртқы қабаты

Сабақ тақырыбы

Жер қыртысының қозғалысы

Мақсаты

  • Оқушыларға жер қыртысында жүретін қозғалыстар туралы жүйелі білім беру; жер сілкінісі, жердің баяу қозғалыстары, эпицентр ұғымдарын нақтылау және жер қыртысының үнемі дамып отыратыны туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
  • Өткен тәжірибеде меңгерілген икемділіктер мен дағдыларды, білімді және географиялық көзқарастарды кеңейту.
  • Жер қозғалыстары туралы білімді тереңдетіп, пәнге қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Мұғалім үшін күтілетін оқу нәтижелері

Оқушы жер қыртысындағы қозғалыстарды біледі және дүниетанымдық көзқарастары қалыптасады.

Негізгі идеялар

  • Оқушылардың ой-өрісі дамиды.
  • Сандық технологияларды қолдануда құзыретті, белсенді оқушы қалыптасады.
  • Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім нығаяды.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Қалыпты дағдыларды меңгеру

Сабақтың типі

Аралас

Сабақтың әдістері

«Адасқан терминдер», тест, «Миға шабуыл», баспа материалдарымен жұмыс (топтық), «Құндылықтар спектрі»

Жабдықтар

АКТ Суреттер Постер Маркер Желім Қайшы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа бағыттау, топтарға бөлу және бағалауды ұйымдастыру.

Сергіту сәті: «Сәлемдесу» ойыны

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын қадағалау.
  • Жердің ішкі құрылысы атаулары бойынша топтарға бөлу.
  • Бағалау парақтарын тарату.

Оқушының әрекеті

  • Топқа бөлініп, жұмыс ережесін қабылдайды.
  • Бағалау парағын алады және критерийлермен танысады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) «Адасқан терминдер»

Терминдерді дұрыс топтастырып, мағынасын нақтылау.

Қайталау
Тау жыныстары Шөгінді Магмалық Метаморфты

2) Тест

Негізгі ұғымдарды тексеруге арналған көп таңдаулы тапсырмалар.

10 сұрақ
  1. 1. Жердің сыртқы неше қабығы бар?

  2. 2. Жердің ауа қабығын көрсет.

  3. 3. Жердің қатты сыртқы қабаты.

  4. 4. Жердің су қабығы.

  5. 5. Жердің тіршілік қабығы.

  6. 6. Мантия қабаты қанша км-ге дейін созылып жатыр?

  7. 7. Жер қыртысында су, жел т.б. күштердің әсерінен пайда болатын жыныстар.

  8. 8. Тау жыныстарын зерттеу және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарымен кімдер айналысады?

  9. 9. Құрлық пен судағы өсімдік пен жануарлар қалдықтарынан қалыптасқан шөгінді тау жынысы.

  10. 10. Тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар.