Фариза Оңғарсынова өлеңіЖылдан жылға сиреуде достарым да, жаным жиі көмілер тоспа мұңға

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жылдан жылға сиреуде достарым да,
жаным жиі көмілер тоспа мұңға.
Жалғыз едім, барамын жартыланып,
бір өшеді, бір жанып от жанымда.
Шыңдай болып көрінер шоқша құм да,
көлбеңдеген баяғы жоқ сағым да.
Жастық арын қалғандай беті қайтып,
дайын еді бұрында төс қағуға.
Жүйрік арман, тайпалған жорға мұрат
түсетіндей күні ертең қолға бір - ақ,
ақиқатты дәлелдеп өңеш керіп,
жанұшырар қалғанша орға құлап.
Жоқ бәрі де, тапжылтпай сана - қақпан,
теңіздейсің тартылып бара жатқан.
Уақытың ба, жасың ба - біле алмайсың -
барған сайын өзіңді даралатқан.
Асып - тасар сәттерің, күндерің кем,
алыстайды жандар да бірге жүрген.
Өткеніңді саралап, ойға сүңгіп,
жанға дауа іздейсің түндеріңнен.
Албырт арман суалып, ол да семер,
адам жанның азабын сонда шегер.
Тұңғиыққа балдыр - мұң батырады,
алаңдатар бір мақсат болмаса егер.



Ұқсас жұмыстар

Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Туған дала
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Г.Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi