Биология ғалымдары

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Абай атындағы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі: Изимова Айгүл

«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»

Бұл сайыс-сабақ 7 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сыныптары арасында ұйымдастырылады. Мақсат — биология пәні бойынша білімді тереңдетіп, танымдық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және өздігінен іздену дағдыларын дамыту. Сонымен қатар пәнге қызығушылықты арттырып, ұжымшылдық пен татулыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі

Сайыс сабақ

Сабақ түрі

Дәстүрлі емес

Көрнекіліктер

Интерактивті тақтадағы слайдтар, сұрақтар, мақал-мәтелдер, плакаттар, дәрілік өсімдіктер, гүл муляждары және т.б.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абыройың, атақ-даңқың.

Ұстаздар аман ба екен, құрбы-құрдас,
Сыныптас, бірге оқыған болған сырлас.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі 7 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сыныптары арасындағы «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» сайысына қош келдіңіздер!

Әділқазылар алқасы

Шеберлікті, білімді саралап, сіздер көріңіздер. Әділ баға беріп, жеңімпазды анықтаңыздар.

Сайыс ережесі

Жарыс заңы — ежелден жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты — еңбектеніп, жалықпау. Баршаңызға сәт сапар тілейміз! Өнерлеріңізді көрсетіп, жасқанбай қатысыңыздар.

Сайыс жоспары

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Алтын ұяшықтар
  3. 3 Қара сандық құпиясы
  4. 4 Сөз мерген
  5. 5 Хатқа жауап
  6. 6 Қорытынды

Қатысушы топтар

Сайысқа 5 топ қатысады:

  • Алқа тұқымдастар тобы
  • Лалагүлділер тобы
  • Асқабақ тұқымдастар тобы
  • Раушангүлділер тобы
  • Бұршақ тұқымдастар тобы

2-кезең: «Алтын ұяшықтар»

Сұрақтар 4 тақырыпқа бөлінеді. Әр тақырыпта 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық тапсырмалар бар.

1) Биология ғалымдары

10 • 20 • 30 • 40 • 50

2) Аңыздар

10 • 20 • 30 • 40 • 50

3) Жұмбақ жануарлар

10 • 20 • 30 • 40 • 50

4) Өсімдік сырлары

10 • 20 • 30 • 40 • 50

Биология ғалымдары: сұрақтар

10 ұпай

Тарих • Жасуша

«Мен ұлым екеуміз өсімдік жасушасын зерттеуде үлкен мүмкіндік жасап, микроскоп ойлап таптық».

Сұрақ: Менің аты-жөнім, тегім кім?

«Ал мен болсам алғаш рет өсімдік қабығынан майда ұяшықтарды көріп, оны “жасуша” деп атадым».

Сұрақ: Менің аты-жөнім кім? Бұл қай жылы болды?

20 ұпай

Микробиология

Адамды, өсімдіктерді және жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар. Ауру тудыратын бактериялар ауада, суда, тағамда тіршілік етеді.

«Адамның өкпесіндегі туберкулез ауруын тудыратын бактерияны анықтадым».

Сұрақ: Мен қай жылы анықтадым? Аты-жөнім кім?

«Мен алғаш рет вирусты таптым. Оның өте зиянды екенін білдім».

Сұрақ: Бұл қай жылы болды? Аты-жөнім кім?

30 ұпай

Жүйелеу

«Мен жануарларды жеке-жеке топтап ажырату үшін оларды: түр → туыс → тұқымдас → отряд → класс → тип → жануарлар дүниесі бойынша жіктедім».

Сұрақ: Менің аты-жөнім кім? Қай жылдары өмір сүрдім?

40 ұпай

Өсімдіктану

«Мен дүние жүзінің 52 елін аралап, мәдени өсімдіктерді зерттедім және мәдени өсімдіктердің шығу тегі бойынша жеті орталықты аштым: Оңтүстіказиялық тропиктік орталық, Шығысазиялық орталық, Оңтүстік-батысазиялық орталық, Жерорта теңіздік орталық, Абиссин орталығы, Орталық америкалық орталық, Оңтүстік америкалық орталық».

Сұрақ: Менің аты-жөнім кім?

50 ұпай

Ғылыми дерек

«1683 жылы Лондондағы Король қоғамына бактериялардың мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап хат жіберген; 1632–1733 жылдары өмір сүрген; ұсақ ағзаларды алғаш зерттеген голландиялық ғалым».

Сұрақ: Ғалымның аты-жөні кім? Қай жылдары өмір сүрді?

Аңыздар: тапсырмалар

10 ұпай

Тарихи аңыз

Ел ауған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде Төле би қасиетті жұртын қимай, үйін жықпай, елінде жалғыз қалыпты. Жоңғар басшысы айдалада қалған жалғыз үйді көріп, неге көшпегенін сұрайды. Сонда Төле би: «Шаңырағыма бір бейкүнә құс ұя салып еді. Ол құс жер бетінде топан су болғанда Нұһ пайғамбардың кемесін сақтап қалған, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған киелі құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын сарнатып кете алмадым», — депті.

20 ұпай

Өсімдік туралы аңыз

Тау перілері бұл гүлді күні-түні қорғап, ешкімге жұлғызбайды екен. Тек шынайы сүйген адамдарға ғана бұл гүлді сыйлыққа береді. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Тау шыңында өседі. Махаббат, бақыт, ерлік символы. Альпинистер сайысында жүлдеге гүлдің алтын мүсінімен марапаттайды.

30 ұпай

Мифологиялық аңыз

Ежелгі Грекияда бір өте сымбатты жігіт өмір сүрген екен. Ол өзін-өзі тым жақсы көріпті. Сондықтан халық оған қатал жаза берген: ол өлгенге дейін судағы өз бейнесіне қарап отыруы тиіс екен. Жазаға шыдай алмай, бір күні өзіне қол жұмсапты. Аққан қанының тамшыларынан әдемі гүл өсіп шығып, сол гүлге жігіттің аты беріліпті.

Сұрақ: Бұл қандай гүл?