Өздік етіс
Мақсаты
Білімділік
Оқушыларға етіс категориясын түсіндіру және етістің бір түрі — өздік етісті меңгерту.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, сөйлем ішінен өздік етісті таба білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Өз ойын анық жеткізуге, әдемі сөйлеуге баулу және адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру.
Сабақтың барысы
- 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
- 2) Үй тапсырмасын тексеру. Бүгінгі күннің ретін жазу.
Жаңа сабақ: етіс және өздік етіс
Етіс дегеніміз не?
Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға (қимыл иесіне) қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады.
Мысал: Ол жуынды.
Мұнда жуу қимылы іс иесінің өзіне бағытталған.
Мысал: Ол баласына кітап оқытты.
Оқу іс-әрекеті тікелей қимыл иесі арқылы емес, басқа адам арқылы орындалады.
Бұл мағыналар түбірге -ын/-ін, -т, -ыл/-іл, -ыс/-іс жұрнақтары жалғану арқылы беріледі.
Етістің түрлері
- 1) Өздік етіс
- 2) Өзгелік етіс
- 3) Ырықсыз етіс
- 4) Ортақ етіс
Ереже: Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт-қыз-ба, ки-ін-бе, сөйле-с-пе.
Өздік етіс: анықтама және жасалуы
Өздік етіс — қимыл, іс-әрекет орындаушыға (іс иесіне) бағытталып, тікелей соған қатысты болуын білдіретін етіс түрі. Әдетте сабақты етістіктерге -ын/-ін, -н жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалдар:
- Таң атқанша тарандық (Махамбет).
- Оқушылар ерте тұрып, жуынды.
- Бала өзі киінді.
Бұл сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгілі бір орындаушы арқылы жасалып, әрі сол орындаушының өзіне бағытталған.
Жаттығумен жұмыс
238-жаттығу
Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңыздар:
239-жаттығу
Көшіріп жазып, өздік етістердің астын сызыңыздар:
- сүй-ін-ді
- ки-ін-ген
- ки-ін-іп
- бу-ын-ып
- түр-ін-іп
240-жаттығу
Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына назар аударыңыздар. Оларды мәтіннен теріп жазып шығыңыздар:
Сабақты бекіту
Сұрақ 1
Етістің түрлерін атаңыздар.
Сұрақ 2
Өздік етістің жұрнақтарын атаңыздар.
Сұрақ 3
Өздік етіске мысал келтіріңіздер.
Қорытынды бөлім
- Қорытындылау.
- Үй тапсырмасын беру.
- Бағалау.