Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтау

Білім беру саласы

Қатынас

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Тіл дамыту

Тақырыбы

Ата-баба дәстүрі — амандықтың белгісі

Мақсаты

  1. Балаларды киіз үйдің құрылысымен таныстыру.
  2. Баланың сөздік қорын молайту арқылы салт-дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру.
  3. Балалардың бойына ата мұра құндылықтарын қастерлеуге, салт-дәстүрді біліп-үйренуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Ойын
  • Сұрақ-жауап
  • Жұмбақ шешу

Көрнекілігі

  • Тігілген киіз үй
  • Киіз үй жабдықтары

Сабақ барысы

Кіріспе: амандасу және шаттық шеңбері

Тәрбиеші

Балалар, қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Әңгіме: киіз үй туралы алғашқы сұрақтар

Тәрбиеші

Балалар, біз қазір ненің ішінде тұрмыз?

Балалардың жауабы

Біз киіз үйдің ішінде тұрмыз.

Тәрбиеші

Киіз үйдің құрал-жабдықтарын, құрылысын кім біледі? Атап бере аласыңдар ма?

Балалар “иә/жоқ” деп жауап береді.

Дидактикалық ойын: «Киіз үй»

Ойын қимылдары

  • Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
  • Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
  • Керегелер керіліп (алақандарын ашады)
  • Өрімдей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
  • Бәріміз бірге айналып жүрсек, киіз үй болып көрінер.

Түсіндіру: киіз үйдің құрылысы мен жабдықтары

Тәрбиеші

Ендеше, балалар, мен сендерге қазақтың киіз үйі туралы түсіндіріп өтейін. Киіз үйдің құрал-жабдықтарын таныстырып, қазақ халқының салт-дәстүрімен байланыстыра отырып мол мағлұмат беремін.

Киіз үйдің құрылысы

Балалар атап береді:

Кереге Шаңырақ Уық Босаға Сықырлауық Табалдырық Маңдайша

Киіз үйдің жабдықтары

Балалар атап береді:

Іргелік Туырлық Үзік Түндік Ши Есік

Сергіту сәті

Кел, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық.

Тақпақтар: балалардың жатқа айтуы

1-бала

Қабырғасы тор көз,

Төбесінде зор көз.

(Кереге, шаңырақ)

2-бала

Тұмсығын тесіп,

Жүннен бұйда есіп,

Қазыққа байлады.

(Уық)

3-бала

Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі.

(Киіз үй)

4-бала

Жетпіс екі найзасы

Біріктіріп тұрады.

(Шаңырақ)

Қорытынды: сұрақ-жауап және бағалау

Тәрбиеші

Балалар, бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік?

Ненің құрылысымен таныстық?

Киіз үйдің қандай құрал-жабдықтарын білдіңдер?

Киіз үйдің құрылысы қалай аталады?

Балалар сұрақтарға топ болып жауап береді.

Тәрбиеші

Бүгінгі сабаққа бәрің жақсы қатыстыңдар. Киіз үй туралы білімдеріңді көрсеттіңдер. Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Қорытынды жұмбақ

Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі.

Жауабы

Киіз үй