Қағаздан қиып жасаған жүректеріңді бір бірлеріңе сыйлаңдар
Сабақ тақырыбы: Жануарлар тіршілігіне не қажет?
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды әлемнің ғажайыптары туралы түсініктерімен таныстыру, жануарларды қорғау және жануарларға көмектесу ұғымдарын қалыптастыру.
- Табиғат-анаға қызығушылықты арттыру, табиғатты тануға, қастерлеуге және оның үнін тыңдай білуге ынталандыру.
- Жер ғаламшарындағы барлық тірі ағзаға жауапкершілікпен қарау қажеттігін сіңіру.
Әдістер
Құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы
1) «Шаттық шеңбері»
Дөңгелене тұрып, бір-бірімізге жылы сөз айтамыз: «Қайырлы күн, Алина!» — «Қайырлы күн!» (осылайша барлық оқушыға жалғасады).
2) «Әлемді өзіміз жасап көрейік»
Мұғалім үрленбеген шарды алып, үрлейді. Бұл — әлем. Әлем дегеніміз — ғалам, Жер шары, дүние және онда өмір сүріп жатқан адамдар.
Адамдар бір-біріне қамқор болып, мейірімділік пен сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас жасаса, әлемде бейбітшілік орнайды. Бейбітшілік — бәріміздің жан тыныштығымыз.
Шардың үстіне ұсақталған түрлі түсті қағаздарды жапсырамыз. Бұл — жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемі. Олардың барлығы Жер бетінде тіршілік етеді. Өсімдіктермен таныстық, енді жануарлар әлеміне көшеміз.
Ғалымдар жануарларды мынадай топтарға бөледі:
- Ертеде өмір сүрген жануарлар (динозавр түрлері)
- Сүтқоректілер
- Бауырымен жорғалаушылар
- Құстар
- Қосмекенділер
- Балықтар
- Омыртқалы жануарлар
- Жойылып бара жатқан жануарлар
3) Қызықты хабарлама
Өсімдіктер туралы өткенімізді еске түсіреміз. Алдымызда өсіп тұрған өсімдік бар.
Сұрақ-жауап
Өсімдік қоректі қайдан алады?
Өсімдік қоректі табиғи заттардан алады: су, топырақ, ауа, күн жылуы, жарық.
Бүгін бізге ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы — тасбақа «қонаққа» келеді. Тасбақалар 100 жылдан астам өмір сүре алады. (Тасбақасы туралы зерттеу жүргізген оқушы қысқаша қызықты мәліметпен бөліседі.)
4) Әңгімелесейік
Өсімдік қорегін табиғи заттардан алса, жануарлар өсімдіктермен қоректенеді немесе бір-бірін қорек етеді. Жануарлар — қозғала алатын және сезіне алатын тіршілік иелері.
Жануарлар Жер бетінде балдырлар мен саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Суық не ыстық аймақтарда өмір сүретін жануарлар өздеріне қолайлы ортаға бейімделіп, сол жерде ғана мекендейді. Егер тіршілік ету ортасы бұзылса, кейбір түрлер жойылып кетуі мүмкін.
Талқылау сұрағы
Неліктен кейбір жануарлар жап-жасыл өсімдіктерді жейді де, шіріген өсімдіктерді жемейді?
5) Тәжірибе жасайық
- 1 Матаның бір қиығын алып, ортасынан кішкене ойық кесеміз.
- 2 Матаны жапырақтың үстіне жапсырып қоямыз.
- 3 1–2 күннен кейін матаны алып тастаймыз.
- 4 Жабық тұрған бөліктің жасыл түсі әлсірегенін байқаймыз: жарық болмағандықтан жапырақтағы хлорофилл азаяды.
Қосымша сұрақ
Бұл өсімдікті тасбақа өзіне қалай пана ете алады?
Шығармашылық және қорытынды бөлім
6) «Ішкі ойларды орнықтыратын үн»
Құстардың әсем үнін, сылдырлап аққан судың, сыбдырлаған ағаштың дыбысын, жан-жануарлардың дауыстарын тыңдаймыз. Естігенімізді көз алдымызға елестетіп, сурет арқылы бейнелейміз.
7) Жариялау
Оқушылар салған суреттерін көрсетіп, қай жануарды бейнелегенін және не себепті таңдағанын айтады.
8) Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы мәтінді оқимыз, суреттер бойынша талдау жасап, сұрақтарға жауап береміз.
9) «Көңілді үзіліс»: қызықты деректер
Көк кит
Ол ең ірі динозаврдан да үлкен. Бір көк киттің салмағы шамамен 150 жеңіл машинаның салмағына тең. Ұзындығы 30 м, салмағы 130–150 т. Оның үстіне сегіз піл тұра алады.
Ең-ең жануарлар
- Құрлықтағы ең үлкен жануар — піл.
- Ең биік сүтқоректі — керік.
- Ең жүрдек сүтқоректі — қабылан.
- Теңіз жануарларының ең ақылдысы — дельфин (күліп тұрғандай әсер қалдырады).
Тиін және емен жаңғағы
Күзде тиіндер еменнің жаңғағын қыста азық тапшы кезде жеу үшін жерге көміп қояды. Уақыт өте келе олар жаңғақты көмген орнын ұмытып қалады. Көктемде сол жаңғақтар көктеп, кішкентай емен ағаштарына айналады. Демек, тиіндер табиғатта ағаш отырғызуға да үлес қосады.
10) Үй тапсырмасы
Өзіңе ұнаған жануар туралы ақпарат іздеп, деректерді жинақтап келу.
11) «Жүректен – жүрекке» шеңбері
Бәріміз дөңгелене тұрамыз. Қолымызды кеудемізге қойып, жүрегіміздің соғысын сезінеміз. Кейін тізбектеліп тұрып, бір-біріміздің жүрек соғысын тыңдап көреміз.
Түйін
Өсімдіктер мен жануарлар да тіршілік етеді, оларға да күтім мен қорған қажет. Біз табиғатты қорғауға жауаптымыз.
«Күтілмеген гүл» туралы шағын ой: гүл бізден көмек сұрағандай. Егер біз гүлдің қасына барып, жылы сөз айтсақ, ол құлпырып өседі. Жылы сөздер жүректен шықсын.
Сабақты топтық ұранмен аяқтаймыз: қағаздан қиып жасаған жүректерді бір-бірімізге сыйлаймыз.