Ботақан тобы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға Наурыздың жыл басы екенін, оның діни мереке емес, ұлттық мереке екенін және тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабадан ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Өлеңдер мен мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорды дамыту, өз ұлтына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Тәрбиелік

Ата-ана, оқушы, ұстаз және жұртшылық өкілдерін ынтымаққа ұйыстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға және қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • 1 Қазақтың киіз үйі және жабдықтары
  • 2 Ұлттық киімдер
  • 3 Ұлттық тәрбие туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер
  • 4 Наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті
  • 5 Көрме материалдары және қосымша безендірулер

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру.
  2. 2 Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.

Кіріспе сөз

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы — Наурыз, яғни Жаңа жыл мерекесіне жиналып отырмыз.

Қазақта: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп» деген мақал бар. Жалпы мұсылман жұртына ортақ Ораза айт пен Құрбан айттан бөлек, халқымыздың негізгі ұлттық мерекесі — Наурыз.

Наурыздың 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Жұрт бір-бірін мерекемен құттықтап, жеті түрлі тағамнан Наурыз көже пісіреді. Үлкендер ақ тілек айтып, бата береді.

Осы қуанышты күнде жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!

Қонақтарға арналған лебіз

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған —
Балғын шақты біз, бақытты балалар!
Ақбота
Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық!
Мунира

Қызыр атаның батасы

Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын!

Әумин.

Барлығы

«Қош келдіңіз, Қызыр ата!»

Қызыр ата (Қадыр)

Өнер мен білім көрінісі

Мұғалімнің сөзі: Қазақ — өнерлі халық. Өз өнерін елге паш етуді жаны сүйеді. Енді балалар қонақтарға және Қызыр атаға өз өнерлері мен білімдерін көрсетеді.

Шағын сайыс кезінде Тазша бала дорбасынан нөмірленген асықтарды оқушыларға үлестіріп, сол нөмірлер арқылы сұрақтар қояды.

Сайыс сұрақтары

«Қошақан» тобы

  1. №1.Наурыз дегеніміз не?
  2. №2.Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесіз?
  3. №3.Наурыз туралы ән немесе өлең айтыңыз.
  4. №4.Жеті қазынаны атаңыз.
  5. №5.Наурыз көжеге нелер қосылады?

«Ботақан» тобы

  1. №1.Шұбат дегеніміз не?
  2. №2.Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?
  3. №3.Қымыз дегеніміз не?
  4. №4.Наурыз туралы ән немесе өлең айтыңыз.
  5. №5.Наурыз көже дегеніміз не?
Уа, халайық, құлақ сал!
Жақсылыққа қашанда жан баласы тоймаған.
Жаңа жылдың басы деп жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл-көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
Айдана, Мунира, Ернұр, Расул, Аружан

Дәстүр жалғасы: әженің ақ тілеуі

Мұғалім: Ақ кимешегі Наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай — әжеміз Наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

Әже Амина

Наурыз құтты болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Қайда барсаң жол болсын!

Өнер нөмірлері

Би және ән

  • Тоғжан, Ілияс — танго биі.
  • Ақбота, Нұрай — «Айгөлек» әні.
  • Расима — испан биі.
  • Ақбота — «Ертегілер» әні.
Жоғарыға шықсын қонақтар,
Келіп тұрған алыстан.
Құттықтайды сіздерді,
Наурызда бізбен қауышқан.
Ажар
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген —
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Ақниет, Гүлжан
Жаңғырар дәстүр-салтымның,
Көзелсін бұлақ-жылғасы.
Қастерлі менің халқымның —
Мереке Наурыз, жыл басы.
Өлең жолдары

Қорытынды тілек

Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман-есен жетейік,
Келер Наурыз тойына!
Ілияс

Мұғалім сөзі

Осымен даярлық тобының «Наурыз — жыл басы!» атты тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!