Қамқорлық акциясының өтуіне бір кісідей ат салысты

«Қамқорлық» акциясы: мектеп ұжымының ортақ ісі

№10 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы «Қамқорлық» акциясының өтуіне бір кісідей атсалысты. 2016 жылғы 14 желтоқсан мен 2017 жылғы 31 қаңтар аралығында мектепте «Қамқорлық» республикалық акциясы ұйымдастырылды.

Қолдау көрсетілген оқушылар

Акция жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, мектеп тізіміне алынған әлеуметтік жағдайы төмен 62 оқушыға мектеп ата-аналарының демеушілігімен жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жалпы білім беру қоры арқылы аталған оқушылар қысқы киіммен қамтамасыз етілді.

Мерекелік шыршаларға қатысу

Көпбалалы және жетім балалардың мерекелік шараларға қатысуына да жағдай жасалды:

  • 1

    Қала әкімінің шыршасына 6 оқушы қатысты.

  • 2

    Облыс әкімінің шыршасына 4 оқушы қатысты.

  • 3

    Президенттік шыршаға 1 оқушы қатысты.

Алғыс

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, айналасына жақсылық жасап, көмекке мұқтаж жандарға қуаныш сыйлауға себепкер болған барлық ұстаздарға және ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектеп