Сендер - Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар

Сабақтың тақырыбы

С, с дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

  • С, с дыбысының айтылуы мен артикуляциясымен таныстыру.
  • Басқа дыбыстардың ішінен ажырата білуге үйрету.
  • Сөзге дыбыстық талдау жасату және сөзді буынға дұрыс бөлу дағдысын қалыптастыру.
  • Сурет арқылы заттың атауын анықтауға үйрету.
  • Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Ойын
  • Көрнекілік
  • Жұмбақ шешу

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Қағаздан қиылған буындар
  • Жаңа әріптің баспа және жазба үлгілері
  • Жұмбақтар жинағы
  • Әліпби

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. Амандасу.

Шағын өлең

Үлкенге амандасу —

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар қонақтармен амандасады.

Біздің ұранымыз

Біз көңілді балалармыз!

Ештеңеден қорықпаймыз.

Келген қонақтарды сыйлап,

Ортаға білімімізді саламыз!

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша қысқаша қайталау және сұрақ-жауап.

Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?

Дыбысты естиміз және айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі?

Сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.

Үй тапсырмасы бойынша «Ы» дыбысына сөздер

Ыдыс, жұмыс, қыс, қыран, домбыра.

III. Жаңа сабақ

Жаңа дыбыспен танысу және оны сөз ішінде табу дағдыларын бекіту.

1) Жаңа дыбыс: С, с

Балаларға С дыбысынан басталатын сөздерге байланысты сөзжұмбақ жасырылады. Жауап дұрыс болған соң, бүгінгі жаңа дыбыс С, с екені айтылады.

Баспа түрі

С с

Жазба түрі

с

С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп, кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен дауыс ырғағын төмен және жоғары көтеріп айту).

С дыбысы — дауыссыз дыбыс.

2) «Көкөністер жинау» ойыны

Шарты: педагог жұмбақтар жасырады. Балалар жұмбақтардың шешуі болған көкөністердің суретін немесе муляжын себетке салады.

Жұмбақ

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығымен суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Шешуі: сәбіз.

«Сәбіз» сөзін буынға бөліп, с дыбысының қай буында тұрғанын анықтау.

3) Сергіту сәті

Бір, екі, үш —

Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

4) Тіл ұстарту жаттығуы

Са — са — са
Ызыңдайды маса.

5) Дәптермен жұмыс

  • «Асық», «сандық», «күнбағыс» сөздеріне дыбыстық талдау жасау және с дыбысының орнын анықтау.
  • С дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетін сөздер ойлап табу.
  • Дәптердегі буындар мен сөздерді құрастыру, бәрі бірге хормен қайталап оқу.

6) Қорытынды

Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

С дыбысымен.

С дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Дауыссыз.

Мұғалім балалардың жұмысына қорытынды жасап, еңбегін бағалайды: бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Сендер — Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте еліміздің жарқын жұлдыздары болыңдар! Сол үшін әрқайсыңа жұлдызша сыйға тартылады.