Жүйрік болсаң, шауып көр

Сөзмерген сайысы

Бұл сайыс — оқушылардың тіл байлығын, ой ұшқырлығын және көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдысын шыңдауға арналған танымдық-тәжірибелік жарыс.

Сайыстың мақсаты

1) Білімділік

Оқушылардың мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестері, көнерген сөздер туралы білімін тексеру және олардың мағынасын аша білуге жетелеу.

2) Дамытушылық

Өз ұлтына, ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпаққа тіліміздің қадір-қасиетін дарыту.

3) Тәрбиелік

Тез ойланып, жауапты тиянақты әрі жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Армысыздар, ардақты ағайын, көз көрген!
Алдарыңызда тіл сайысы — «Сөзмерген»!
Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Қазылар алқасымен таныстыру.

І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

Бұл кезең 7 тапсырмадан тұрады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Тұрақты сөз тіркестерін тану және олардың мағынасын анықтау ұсынылады.

1) «Мұзға отырғызу»

Мағынасы: алдау, арбау

қар су мұз бу отыру

2) «Құлақ асу»

Мағынасы: тыңдау, назар аудару

құлақ бет жақ ауыз асу

3) «Тонның ішкі бауындай»

Мағынасы: өте жақын дос

ішек тон жиде жекет бау

4) «Ауыз ашпау»

Мағынасы: сөйлемеу, дыбыстамау

ауыз көз мұрын құлақ ашпау

5) «Бармағын тістеді»

Мағынасы: өкіну

қол бармақ білек тырнақ тістеу

6) «Көрер таңды көзімен атыру»

Мағынасы: ұйықтамау

таң кеш түс түн атыру

7) «Қыздың жиған жүгіндей»

Мағынасы: әдемі, жинақы

ана әке қыз бала жүк

ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Бұл кезең 5 тапсырмадан тұрады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Кестедегі сөздерден мақал-мәтел құрастырылады.

1) Дұрыс нұсқа

«Талаптыға нұр жауар.»

Оқыған Талапты Білімді Саналы жауар

2) Дұрыс нұсқа

«Туған жерге туың тік.»

Құс Балапан Торғай Үкі іледі

3) Дұрыс нұсқа

«Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.»

Ер Батыр Дос Сұлтан намыс

4) Дұрыс нұсқа

«Оқу — инемен құдық қазғандай.»

Білім Ғылым Оқу Ақыл құдық

5) Дұрыс нұсқа

«Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой.»

Жарақ Қару Құрал Сайман тіл

Ескерту: Бұл кезеңде берілген сөздер кей тапсырмаларда мақал-мәтел құрауға дәл сәйкес келе бермеуі мүмкін. Дұрыс жауап — жоғарыдағы тұрақты нұсқалар.

ІІІ кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»

Бұл кезең 3 тапсырмадан тұрады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Көнерген сөзді тауып, мағынасын түсіндіру қажет.

1) Қорамсақ

Садақтың жебесін салып, белге байлайтын, жеке-жеке ұясы бар оқсалғыш.

мылтық найза садақ айбалта қорамсақ

2) Ерулік

Жаңадан көшіп келген үйді көрші-қолаңның қонаққа шақыруы.

қала ауыл үй жылқы ерулік

3) Шаршы

Ұзатылып бара жатқан қыздың өзінен кейінгі сіңлісіне орамалын беруі, аманат етуі.

киім орамал бұйым аспап шаршы

Қорытынды сөз

Құрметті көрермендер, міне, «Сөзмерген» сайысы да өз мәресіне жетті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан, сөзге жүйрік, тілге шешен оқушыларымызды анықтау мақсатында сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

Қорыта айтқанда, әрдайым ұлтымыздың ұлы байлығы — ана тілімізді қадірлеп, қастерлей білейік!