Біліктілік кезеңі
Топтамадағы сабақтар тізімі
-
1
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
6-сынып (слайдпен)
-
2
Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару
6-сынып
-
3
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелерін шешу
11-сынып
Математика (6-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару.
Білімділік мақсаты
Оқушыларға функцияның графигі бойынша формуласын жазуды және сызықтық функцияның графигін салу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты
Танымдық белсенділікті арттыру, қызығушылықты ояту және оқушыларды өз бетінше үйренуге баулу.
Тәрбиелік мақсаты
Математикалық сауаттылыққа, шыдамдылыққа және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа қажетті құралдарды түгендеу және дұрыс отыруға назар аудару.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма: №1330 (сұрақ-жауап).
Өткен сабақты еске түсіру (сұрақтар)
- Тура пропорционалдық функциясы қандай формуламен беріледі? Мысал келтіріңдер.
- y = kx функциясының графигі қандай сызық?
- y = l функциясы қалай аталады?
Оқушыларға тапсырма келді: мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаймыз. Бір-бірімізге көмектесіп, қиындықтарды жеңіп, мақсатымызға жетеміз.
Жорық қағазымен танысамыз.
III. Біліктілік кезеңі
1) Функция мәнін табу
Функция y = 3x − 4 формуласымен берілген. x = −2 болғандағы функция мәнін табыңдар.
y(−2) = 3·(−2) − 4 = −10
2) Өрнектерді сәйкестендіру
Берілген өрнектерді өз бағандарына жазыңдар.
- 1
- 3
- 2
3) Параметрді табу есептері (нүкте арқылы өтеді)
y = kx + 2 функциясының графигі A(1; 4) нүктесі арқылы өтеді. k мәнін табыңдар.
y = 3x + n функциясының графигі A(1; 4) нүктесі арқылы өтеді. n мәнін табыңдар.
y = kx − 6 функциясының графигі A(1; −3) нүктесі арқылы өтеді. k мәнін табыңдар.