Қазақ театрлары
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Қазақ театрлары
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес сабақ
Пәнаралық байланыс
- География
- Мәдениеттану
- Тарих
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Жалпы мақсат
Оқушылардың білім деңгейін арттыру, ұжымдық оқуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру және грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Білімділік
- Қазақ театры туралы білімді тереңдету.
- Алған білімді тәжірибеде қолдануға үйрету.
- Сөздік қорын молайту.
Дамытушылық
- Ауызекі сөйлеу тілін жаттықтыру.
- Ойды толық әрі нақты жеткізуге дағдыландыру.
- Сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, дүниетанымды кеңейту.
- Сауатты жазуға баулу.
Тәрбиелік
Қазақ театр өнері шеберлерін құрметтеуге тәрбиелеу, мәдениетті, ой-өрісі кең, заман талабына сай азамат қалыптастыру.
Әдістер мен технологиялар
Қолданылатын әдістер
- Шығармашылық ізденіс
- Сын тұрғысынан ойлау
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
Оқыту технологиялары
- Дамыта оқыту
- Ақпараттық технологиялар
- Модульдік технология
Көрнекіліктер
- Моноблок
- Слайдтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты сабаққа дайындау, мақсат-міндеттерді нақтылау, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
II. Негізгі кезеңге дайындық
Өткен сабақты еске түсіру (сұрақ-жауап)
- Театр деген не?
- Театрдың қандай түрлері бар?
- Театр негізінде не түрінде қалыптасады?
- Мынау қандай театр?
Грамматиканы қайталау
Қыстырма сөздердің мағыналық түрлері.
Назар
Оқушылар қыстырма сөздердің сөйлемдегі қызметін мысалдар арқылы ажыратады.
IV. Негізгі кезең
1) Кіріспе жұмыс
Слайдтар бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру арқылы тақырыпқа шығу, негізгі ұғымдарды нақтылау.
2) Жаңа сөздермен жұмыс
Мәтінмен танысуға дейін жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі: мұғалім оқиды, бір оқушы оқиды, кейін сыныппен хормен қайталанады. Одан кейін жаңа сөздермен сөз тіркестері құрастырылады.
3) Мәтінмен жұмыс: «Қазақ театры»
Мәтін
Театр — ойын-сауық орны. Мұнда ойын-сауықтан бөлек драмалық шығармалар қойылып, мәдени шаралар өткізіледі. Театр ең алғаш Грецияда пайда болған.
Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойына байланысты ойын-сауықтар, ақындар айтысы және басқа да дәстүрлер — театр өнерінің алғашқы көріністері.
Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен.
1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М. Әуезовтің «Еңлік–Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
1925 жылдың соңында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылдың 13 ақпанында М. Әуезовтің «Еңлік–Кебек» трагедиясымен ашылды.
Театр алғаш құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және басқа да өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды.
1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз қаланды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты орналасқан.
Бүгінде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар жұмыс істейді. Соңғы жылдары театр репертуары да айтарлықтай байи түсті.
А1
Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.
А2
Сұрақтарға жауап бер:
- Театр деген не?
- Тұңғыш музыка театры қашан ашылды?
- 1934 жылы қандай театр ашылды?
В1–В2
- Диалогтарды түсініп оқы, досыңмен сөйлес.
- Мәтінді оқып, өз сөзіңмен әңгімеле.
С1
Мәтін бойынша 6 сұрақ құрастырып, жаз.
С2
«Қазақ театрының дамуы» тақырыбына эссе жаз.
Қыстырма сөздер тақырыбымен жұмыс
А1
Сөйлемдерді көшіріп жазып, қыстырма сөздердің астын сыз:
Байқауымша, Абай ақыныңыз да көзі ашық, көкірегі тұнық кісі болған-ау, сірә.
Үшіншіден, сырғаның қай түрі де бауырға, өт қабынуына әсер етеді деген пікір бар екенін ескертеміз.
А2
Берілген қыстырма сөздермен сөйлем құрастыр:
- Шынында
- Мүмкін
- Меніңше
- Бақытыма қарай
В1
Көп нүктенің орнына керекті қыстырма сөздерді қойып, жаз:
Театрға бару .......... өте қызық. .......... мен театрға билет сатып алдым. .......... көп оқу керек. Мен .......... Астанадан кеше ғана келдім.
Керекті сөздер: шынында, бақытыма қарай, сөйтіп.
В2
Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастыр:
- Театрға бару үшін
- Біріншіден
- Билет сатып алу
- Екінші қатар
- 25-орын
- Қойылым
- Қызық
С1
Қыстырма сөздерді қолданып, 6 сөйлем құрастыр.
С2
Қыстырма сөздер тақырыбы бойынша 5 тест сұрағын дайында.
Қорытындылау
Өнер туралы мақал-мәтелдер
Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндір:
-
Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
-
Өнерлінің өрісі ұзақ.
-
Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
Бекіту жұмыстары
- Сұрақтар сайысы.
- Қыстырма сөздер тақырыбы бойынша шағын тест.
Нәтиже
Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп, негізгі деректерді қолдана отырып жауап береді және қыстырма сөздерді орынды пайдалануға жаттығады.
Үй тапсырмасы және бағалау
VI. Үй тапсырмасы
- Сөздік пен ережені жаттау.
- Өнер туралы мақал-мәтел жаттау.
- Өнер туралы мақал-мәтел тауып, дәптерге жазып келу.
- Қазақ театры туралы мазмұндау.
- Өз облысыңдағы театрлар туралы жазып келу.
VII. Бағалау
Оқушылардың жұмысы сабаққа қатысу белсенділігі, мәтін бойынша жауаптарының дәлдігі, диалог құрастыру сапасы және қыстырма сөздерді дұрыс қолдануы бойынша бағаланады.
Критерийлер
- Түсіну
- Сөйлеу
- Жазу
- Грамматика
Кері байланыс
Сабақ соңында қысқа пікір алмасу жүргізіледі: не қиын болды, не қызық болды, нені жақсартуға болады.