Қайталау есептерін шығару
Сабақ тақырыбы
Параллелепипед және тікбұрышты параллелепипед тақырыптарын қайталау, есеп шығару.
Сабақтың мақсаты
-
1
Оқушыларды параллелепипед пен тікбұрышты параллелепипедтің анықтамалары мен қасиеттерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, өткен сабақтағы білімдерін толықтыру.
-
2
Модельдермен жұмыс арқылы геометрия пәніне қызығушылықты арттыру, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ойлау, есте сақтау және елестету қабілеттерін дамыту.
-
3
Оқушыларды табандылыққа, адамгершілікке және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарының толықтығын тексеру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың орындаған жұмыстары қысқаша талданып, негізгі қателер мен қиындықтар белгіленеді.
I) Өткен материалды сұрақ-жауап арқылы қайталау
а) Тікбұрышты параллелепипед деген не?
ә) Тікбұрышты параллелепипедтің неше симметрия жазықтығы бар?
б) Куб деген не?
в) Көлбеу параллелепипедтің табаны тік төртбұрыш бола ала ма?
г) Кубтың симметрия осьтері мен симметрия жазықтықтарын көрсетіңдер.
ғ) Параллелепипедтің қималарын салыңдар.
II) Қайталау есептерін шығару
Алдымен тікбұрышты параллелепипед пен кубтың бет ауданы және толық бет ауданы формулаларын қайталап, оқушыларға жатқа жазғызу ұсынылады.
Арнайы дайындалған сызбалар бойынша ауызша есептер шығарылады.
Есеп A
Тікбұрышты параллелепипедтің диагоналі
Тікбұрышты параллелепипед қабырғаларының өлшемдері: 4 см, 2 см және 4 см. Параллелепипедтің диагоналінің ұзындығын есептеңдер.
Автор туралы
Алматы облысы, Талғар ауданы, №31 орта мектебінің математика пәні мұғалімі: А. А. Тұрысбекова.