Пирамиданың қоршаған ортада қолданылуы

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Цилиндр (слайдтармен)
Сабақтың типі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Көрнекілігі
Цилиндр моделі, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс
Химия, биология, тарих, география.

Мақсаттар

Білімділік мақсаты

Цилиндрдің анықтамасы, элементтері, қасиеттері, диагоналдық қимасы, жазбасы, сондай-ақ бүйір бетінің және толық бетінің аудандары туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты

Цилиндр тақырыбындағы білімді есептер шығаруда қолдану дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ізденуге баулу.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушыларды ойларын жүйелі тұжырымдап, шапшаң әрі нақты жеткізуге үйрету; ұқыптылыққа баулу және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар цилиндрдің анықтамасын және элементтерін, диагоналдық қималары мен беттерінің аудандарының формулаларын жатқа біледі және оларды есеп шығаруда тиімді қолдана алады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Бұған дейін «Көпжақтар» тарауында пирамида тақырыбын қарастырдық. Жаңа тақырыпқа өтпес бұрын негізгі ұғымдарды еске түсіреміз.

Қайталау сұрақтары (пирамида)

  1. Пирамида дегеніміз не?
  2. Пирамиданың қандай элементтері бар?
  3. Пирамиданың биіктігі дегеніміз не?
  4. Пирамиданың апофемасы дегеніміз не?
  5. Пирамиданың диагоналдық қимасы қандай?
  6. Пирамиданың қандай түрлері бар?
  7. Дұрыс пирамида дегеніміз не?
  8. Қиық пирамида деп қандай пирамиданы айтамыз?
  9. Пирамиданың қоршаған ортада қолданылуы қандай?

Пирамиданың өмірдегі қолданылуы (пәнаралық байланыс)

Химия

Кристалл құрылымдарда пирамидаға ұқсас пішіндер кездеседі: мысалы, алмаз кристалдары және кейбір қышқылдардың модельдері тетраэдр түрінде беріледі.

Биология

Аралар ұяны кеңістікті тиімді пайдаланатындай етіп құрады; табиғаттағы көпжақтық құрылымдар арқылы пішіндердің үйлесімділігі байқалады.

География

Кейбір минералдар, соның ішінде тау хрусталі, пирамида пішіндес болып келеді.

Тарих

  • Египет пирамидалары (Хеопс, Хефрен, Менкаур).
  • Александр маягы — б.з.д. III ғасырда Александрия айлағына кемелердің қауіпсіз жетуі үшін салынған.
  • Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы — Ақорда резиденциясының жанындағы Президент паркінде орналасқан. Биіктігі 77 м.

Жаңа бөлімге кіріспе: айналу денелері

Бүгін біз айналу денелері тарауын бастаймыз. Айналу денесі — шектелген облыстың өз шекарасында жатқан осьтің айналасында айналуынан пайда болатын фигура.

Өмірден мысал

Токарь станогында дайындалатын тетіктердің көпшілігі — айналу арқылы алынатын пішіндер, соның ішінде цилиндрлер.

Цилиндрдің анықтамасы

Цилиндр — тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінің айналасында айналдырғанда алынатын фигура.