Әже мен немерені таныстыру
Мақсаты
Тәрбиелік бағыт
- Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу.
- Әже тәрбиесін үлгі ету, әжелер өсиетінің асылдығын таныту.
- Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашып, күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Құндылықтар
- Баланы кішіпейілділікке тәрбиелеу.
- Қарт адамдарды құрметтеуге баулу.
- Отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Кіріспе сөз
Армысыздар, құрметті қонақтар! Әжелер, аналар, сүйкімді қыздар — көктемнің алғашқы мерекесі, 8 Наурыз құтты болсын!
«Бүгін — наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз — адамның,
Анаға айтар лебізі».
Балабақшамызға қош келдіңіздер!
Балалардың құттықтауы
Мерекелеріңізбен, сүйікті аналар, ардақты әжелер, құрметті апайлар!
Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Ал, қанекей, Әжелер!» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа қатысушылар
«Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі».
Қатысушы әжелер мен немерелерін ду қол шапалақпен қарсы алайық.
Мария әже
Мадияр мен Еркеназдай ботақандарымыздың асыл әжесі, көпбалалы ардақты ана.
Тұрсын әже
Жаннұрдың сүйкімді әжесі. Балабақша қызметкерлерінің бәріне таныс, әрдайым күлімдеп жүретін аяулы жан.
Алтынгүл әже
Еркеназдай ерке немересінің жанашыры. «Балаларды қуантып, ұзақ өмір сүріңіз!» деген ақ тілектің иесі.
Рая әже
Немере қамын ойлай жүретін балажан әже. Гүлназдың асыл әжесі.
Дильназдың әжесі
«Таусылмайды өлеңі, күнде айтып береді. Барған сайын бір жаққа кәмпит алып келеді» — немересінің қуанышы.
Әділқазылар алқасы
«Кім жеңеді сайыста — үміт алда,
Қобалжу бар жүректе, күдік барда.
Әділқазы алқасы, атыңды ақта,
Жүректерге арман мен бақыт жолда».
- Сансызбай ата — балапан тобы оқушысы Әйгерімнің атасы.
- Жалғасова Рая апай — балалар кітапханасының директоры.
- Сақып әже — Айсәуленің әжесі.
- Достанова Әсел Жангелдіқызы — балабақша меңгерушісі.
Сайыс шарттары
Негізгі кезеңдер
- 1 Өзін және өз отбасын таныстыру.
- 2 Өнер сайысы: қазақша ән немесе би.
- 3 Салт-дәстүрден көрініс: бесікке салу немесе тұсау кесу.
- 4 Қолөнер сайысы: «Мен әжемнің баласымын».
Қосымша тапсырмалар
- 5 «Ою оя білесіз бе?»
- 6 Ұлттық тағам көрмесі.
- 7 «Сыр сандық» сұрақ-жауап сайысы.
Мерекелік бағдарлама
Аналарға арнау
Құрметті қонақтар, келесі кезекті балаларымыздың аналарына арнаған құттықтау әніне берейік.
Ән:
«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
Балаларға арналған шумақ
«Әлпештеген баласын —
Ана бақыт, ана жыр.
Әркім сүйіп өз анасын,
Мақтан етер әрбір сыр».
Кезеңдер бойынша өту барысы
1-кезең: Таныстыру
Әже & немереБалалар әжелеріне арнап тақпақ айтады:
«Әжем болса қасымда — көтеріңкі көңілім.
Алтын әжем тілекші — немерелер өмірін».
2-кезең: Өнер сайысы
Ән / БиӘжелеріміздің өнерін тамашалайық.
Балапан тобы
«Би билегім келеді, бірақ қалай бастаймыз?» — қыздардың орындауында «Балапан» биі.
3-кезең: Ұлттық салт-дәстүр көрінісі
Бесік / ТұсауБесікке салу
«Анам мені тербетіп, өсіп кеттім ержетіп.
Сол бесігім үйімде, сақтаулы тұр төрімде».
Тұсау кесу
«Жолың болсын деселік, жолыңа нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан, тұсауыңды кеселік».
4-кезең: Қолөнер сайысы
ШеберлікТақырып
«Мен әжемнің баласымын»
Би
Наздананың орындауында шығыс биі.
5-кезең: «Ою оя білесіз бе?»
Қайшы / ҚағазӘжелерге қағаз бен қайшы беріледі. Ойған оюларын таныстырып, мағынасын түсіндіреді.
Ұлдарымыз қыздарға арнап дайындаған сыйлықтарын ұсынады.
6-кезең: «Сыр сандық» сұрақ-жауап
БилетӘр әжеге 1 билет беріледі. Әр билеттің ішінде 3 сұрақтан жазылған.
1-билет
- Тілашар қашан жасалады?
- Дастархан басында қандай ескертулер айтылады?
- Ұйқасын тап: «Өзінше ноян, қорқақ кім? ...»
2-билет
- Жеті ата қалай аталады?
- Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?
- Ұйқасын тап: «Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар ...»
3-билет
- Үш арсыз қалай аталады?
- Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?
- Ұйқасын тап: «Тұмсығымен шымшып, құрт тереді ...»
4-билет
- Бес парыз қалай аталады?
- Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?
- Ұйқасын тап: «Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен, теріп-теріп алайық, қалтамызға ...»
5-билет
- Базарлық деген не?
- Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атаңыз.
- Ұйқасын тап: «Аю отыр партада, екі қолы қалтада, апай сабақ сұраса, ұйықтап қалды ...»
«Енді ортаны ашайық, інжу-маржан шашайық. Ән мен биді шалқытып, Айнелдің биін тамашалайық! Жиналған халық таңғалсын, өнерден күмбез жасайық!» — Айнелдің орындауында қазақ биі.
7-кезең: Ұлттық тағам көрмесі
Дәм көрмесіӘжелеріміз қандай ұлттық тағам әзірледі екен? Ортаға шығарып, таныстырайық.
Қорытынды және марапаттау
Қорытынды бөлімде әділқазылар алқасына сөз беріледі. Әжелерімізге сыйлықтар мен арнайы номинациялар табысталады.
Номинациялар
- Білгір әже
- Мейірбан әже
- Алтын оймақты шебер әже
- Бұлбұл әнші әже
- Балқаймақ әже