Мотивациялық кезең

І. Кіріспе бөлім

Мотивациялық кезең. Тәрбиеші балаларды көтеріңкі көңіл күйге баулитын өлең жолдарымен қарсы алады:

Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Қуанайық бәріміз,
Арайланып атқан әр таңға.

Жетелеуші сұрақтар

  • Бір жылда неше мезгіл бар?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыста ауа райы қандай болады?
  • Қыс туралы кім тақпақ біледі?

Тәрбиеші түсіндіреді: қыста ауа райы суық болады, аяз түседі. Дала мен айнала аппақ көрпеге оранғандай көрінеді.

Негізгі бөлім

Ұйымдастыру кезеңі. Бүгін «Ойна да ойлан» тақырыбы бойынша алған білімімізді бекітіп, әртүрлі тапсырмалар арқылы ойымызды шыңдаймыз.

1) Логикалық тапсырмалар

Есеп 1

Үш алманы бақтағы кірпі барып жинады. Ең әдемі, тәттісін ақ тиінге сыйлады. Кірпідегі алманың қаншасы қалды?

Есеп 2

Үйдің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Айтшы, мысық саны қанша?

Есеп 3

Әжеде бес моншақ болды. Айнұрға үш моншақ берді. Әжеде неше моншақ қалды?

2) Мақалды жалғастыр

  1. 1 Еңбек етсең ерінбей,
  2. 2 Еңбектің наны , жалқаудың жаны
  3. 3 Отан үшін отқа түс,

3) Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Шарты: суреттердің ішінен артық суретті тауып, сызып көрсету.

4) Уақытты бағдарла

Өлең жолдарын тыңдап, қай уақыт екенін атау.

Жағдаят 1

Ұйқымыздан оянамыз,
Бетімізді жуамыз.
Анамызға ереміз,
Бақшамызға келеміз.

Жауабы: Таңертең

Жағдаят 2

Серуеннен қайтамыз,
Тамақ ішіп аламыз.
Біз тәртіпті баламыз,
Тәтті ұйқыға батамыз.

Жауабы: Түс

Жағдаят 3

Серуенде жүреміз,
Анамызды күтеміз.
«Апай, сау болыңыз!» — деп,
Үйімізге кетеміз.

Жауабы: Кеш

Жағдаят 4

Үйлерде шам жанады,
Маңай тастай қараңғы.
Ертегіні тыңдап алып,
Тәтті ұйқыға батамыз.

Жауабы: Түн

5) Д/ойын: «Санмен белгіле»

Шарты: балаларға үлестірмелі карточкалар беріледі. Карточкадағы заттарды санап, санын цифрмен белгілеу ұсынылады.

6) Кеңістікті бағдарла

Пішіндерді кеңістікте дұрыс орналастыру:

  • Оң жақ жоғарыға — үшбұрыш
  • Сол жақ төменге — дөңгелек
  • Оң жақ төменге — төртбұрыш
  • Сол жақ жоғарыға — сопақша
  • Ортаға — тіктөртбұрыш

7) Жұмбақтар

Жайнаған бақтың әншісі,
Тамсанған оған әр кісі.

Жауабы: Бұлбұл

Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп.

Жауабы: Аққу

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.

Жауабы: Шаштараз

Тікен-тiкен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.

Жауабы: Шырша

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа
Жолға шықты жұмысқа.
Қойдым допты жолына,
Алды допты қолына.
Оңға қарады,
Солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

Қорытынды

Сабақ соңында балалармен бірге рефлексия жасалады: бүгін қандай тапсырмалар орындадық, қайсысы қызықты болды, қай тұста ойландық?

Мадақтау: белсенді қатысқан балалардың жауабы атап өтіліп, ынталандыру сөздері айтылады.