Қолөнердің бір түрі батик өнері
Сабақтың тақырыбы
Матадан аппликация жасау (батик өнері элементтерімен).
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға батик өнері туралы түсінік қалыптастыру; құттықтау ашық хат жасау технологиясымен таныстыру және орындау тәсілдерін үйрету.
Білімділік
Батиктің шығу тарихымен және түрлерімен таныстыру; қазіргі өмірдегі батик өнерінің қолданылуы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық
Оқушылардың шеберлігін, өнерге қызығушылығын және эстетикалық талғамын дамыту.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыпты безендіруге баулу; сұлулықты сезіну қабілетін ояту.
Сабақ форматы
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдістері
Топтық жұмыс, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, математика, дүниетану.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
- Мата
- Керілген рама
- Желім
- Қылқалам
- Қайшы
- Үлгі қималар
- Ашық хат үлгілері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері», «Гүлдер биі».
- Топқа бөлу: шеңберде тұрған оқушылар гүл таңдап, түсіне қарай 3 топқа бөлінеді.
II. Жаңа сабаққа дайындық
1-топтық тапсырмалар: әр топ сызба арқылы ақпарат жинақтап, сынып алдында қорғайды. Жауаптар «үш шапалақ» әдісімен қолпашталады.
- Мата туралы мәлімет беру.
- Матаға байланысты өнер түрлерін жазу.
- Өздері білетін мата түрлерін жазу.
2-тапсырма: «Батик өнері» сөзжұмбағы
- 1. Мата атауы — барқыт
- 2. Жібек тектес мата — атлас
- 3. Иненің бір түрі — тебен
- 4. Ұшақ тәріздес жәндік — инелік
- 5. Төрге жайылатын төсеніш — көрпе
- 6. Киімге көрік беретін — өрнек
- 7. Ас атасы — нан
- 8. Ат әбзелі — ер
- 9. Гүл — раушан
- 10. Түйме (өзгеше атауы) — ілгек
III. Жаңа сабақ: Батик өнері
Әр халықтың өзіне тән қолөнері бар. Қолөнер — ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан халық шығармашылығы. Соның бір бағыты — батик.
Батик өнерінің бастауы Қытай мен Үнді елдерімен байланыстырылады. Алайда бұл өнер XVII ғасырда Индонезиядағы Ява және Бали аралдарында кең дамып, кейін бүкіл әлемге тараған.
Батиктің түрлері
- Ыстық батик — балауызды қыздырып қолдану арқылы орындалады.
- Суық батик — арнайы құраммен (контур) жұмыс істеп, бояумен әрлеу.
- Түйінді батик — матаны түйіндеу/байлау арқылы өрнек түсіру.
«Батик» сөзінің мағынасы — ыстық балауызбен сурет салу. Яғни матаға өрнек түсіру кезінде ерітілген балауыз қолданылған. Бүгінгі сабақта біз батиктің суық түрін қолданамыз.
Сергіту сәті
Интерактивті тақтадан «Қара жорға» әуенімен қимыл-қозғалыс жасау.
IV. Сарамандық жұмыс (топтық)
3-топтық тапсырма: үш топқа үш түрлі үлгі сурет ұсынылады. Сол үлгілер бойынша құттықтау ашық хат жасалады.
- Үлгіні мата бетіне түсіру.
- Түсірілген із бойынша мұқият қиып алу.
- Ашық хатқа арналған ақ картоннан негізін дайындау.
- Қиылған бөліктерді ретімен орналастырып, желімдеу.
- Матаның жиектерін акварель бояумен әрлеп, композицияны толықтыру.
Әр топ жұмысын таныстырып, қорғап шығады.
V. Сабақты бекіту: «Зымыран сұрақтар»
- Батик өнері қай елдерде пайда болған?
- Батик өнері қай ғасырда және қай елде кең дамыды?
- Батиктің қандай түрлері бар?
- Батиктен қандай бұйымдар жасауға болады?
- «Батик» сөзінің мағынасы нені білдіреді?
- Қазіргі заманда бұл өнер қажет пе? Неліктен?
VI. Рефлексия
«Пікір ағашына» сабақтың қаншалықты ұнағанын білдіретін түстерді жапсыру арқылы кері байланыс беру.
VII. Бағалау: «Жұлдызды сәт»
Топтар бірін-бірі бағалап, жұлдызшалар арқылы қолдау көрсетеді.