С ыныбы: 7Сабақ тақырыбы
Сабақ барысы
Бұл сабақта оқушылар тәжірибе арқылы сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күштің (Архимед күшінің) бар екенін байқап, оның бағытын анықтайды.
I. Ұйымдастыру кезеңі
0–3 минСәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, құрал-жабдықтарды (су құйылған ыдыс, доп, цилиндр, динамометр) реттеу.
II. Өткен материалды қорытындылау
4–10 минСұрақ-жауап арқылы қысым және өлшеу құралдары тақырыптары еске түсіріледі:
-
1) Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?
-
2) Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
-
3) Ашық сұйықтық манометрі қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?
-
4) Металл манометр қалай жұмыс істейді?
-
5) Сорғылардың құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?
III. Жаңа сабақ: Архимед күші
11–30 минТәжірибе 1
Допты суға батырып, қоя бергеннен кейін доп қайтадан су бетіне шығады.
Негізгі ой
Сұйықтық денені жоғары қарай итеретін күш түсіреді.
Мұғалімнің сұрағы
Доп неге су бетіне қайта шығады?
Қорытынды
Допқа судың ығыстырушы күші әсер етеді. Ол денені судан «ығыстырып», жоғары қарай итереді.
Тәжірибе 2
Сол ыдысқа цилиндрді салайық. Цилиндр батып кетті. Бұл жағдайда да ығыстырушы күш әсер ете ме?
Тексеру үшін цилиндрді динамометрге ілеміз де, алдымен ауадағы көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол күйінде суға батырып, динамометрдің жаңа көрсеткішін жазамыз. Екі жағдайдағы мәндерді салыстырамыз.
Бақылау
Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.
Қорытынды
Суға батырылған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.
Күштің бағыты
Ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.
Тәжірибе 3
Білеуше тәрізді денені суға саламыз. Дене сұйықтықта тұрған кезде оған әсер ететін күштерді талқылаймыз: ауырлық күші төмен бағытталады, ал Архимед (ығыстырушы) күші жоғары бағытталады.
Тірек ұғым
Архимед күші (ығыстырушы күш) — сұйықтыққа (немесе газға) батырылған денеге әсер ететін, оны жоғары қарай итеретін күш.
IV. Есептер шығару
31–40 мин-
1) Көлемі 0,5 м³ тасқа әсер ететін Архимед күшін табыңдар.
(Есепті шығару барысында сұйықтың тығыздығын және g мәнін нақтылап алу ұсынылады.)