Кейбір тәрбиеленушілер
Сөйлеуді дамыту
Бұл оқу қызметі балалардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, әдепті сөйлесуге және берілген тақырып аясында еркін диалог құруға бағытталған. Тақырып өзегі — «Алматыға саяхат».
Тақырып
Алматыға саяхат
Педагог
Құттымбетова Т. Н.
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары
Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.
Берілген тақырып аясында диалогке қатысу.
Қарым-қатынастың түрлі жағдаяттарында әдептілік сөздерін орынды қолдана білу.
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер
- Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.
- Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Көпшілік тәрбиеленушілер
- Дыбыстарды ажырата алады.
Кейбір тәрбиеленушілер
- Өз бетінше диалог құрастырады.
Тілдік мақсат
Дағдылардың дамуы
- Сөздердің мағынасын түсінеді.
- Сұрақтарға толық жауап береді.
- Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік
Пікір алмасуға арналған сұрақтар
Алматы қаласында болып көрдің бе?
Қаланың қандай көрікті жерлерін білесің?
Сабақты бастау: «Алматыға саяхат»
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Сұрақтар арқылы ой қозғау
- Қазақстанның ірі қалаларын ата.
- Сен қай қалада тұрасың?
- Қаланың бір шетінен екінші шетіне тұрақты қатынайтын қандай көліктер бар?
- Бір қаладан екінші қалаға немен жетуге болады?
- Ол қандай көліктер?
Балалардан бүгін не туралы әңгімелесетінін сұрай отырып, талқылау барысында сабақтың негізгі тақырыбы жол жүру және саяхат екенін анықтайды. Балаларды Алматы қаласына саяхат жасауға шақырады.
Әліппе-дәптермен жұмыс
Тапсырмалар арқылы сөздердің мағынасын түсіндіру, дұрыс дыбыстауға назар аударту және диалогтік сөйлеуді дамыту.