Жаман қасиеттер мағынасы
Сабақ туралы
Тақырып
«Ғылым таппай мақтанба» — Абай Құнанбаев
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Оқыту әдістері
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
- Дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
Көрнекіліктер
- Абай туралы деректер
- Үлестірме материалдар
- Ереже, нұсқаулар
- Сабақ тапсырмалары бойынша слайдтар
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Абай Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсініп, негізгі ойды ашу.
Дамытушылық
Өлеңдегі адам бойындағы қасиеттерді ажырата білу, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Топпен бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, пікір алмасуға, өз ойын ашық айтуға және жоба қорғауда белсенділік танытуға баулу.
Сабақтың жүру барысы
I. Қызығушылықты ояту
Сергіту сәті: «Атом және молекула».
II. Үй тапсырмасын тексеру
А) «Бидай мен қаңбақ» мысалын жатқа айту.
Ә) «Ашық хат» тапсырмасы: мысалдағы өлең жолдарының қайсы кейіпкерге сәйкес келетінін анықтау.
Бидай
- Абырой да, даңқ та,
- Ерлік те, жеңіс те —
- Барлығы осы егісте.
- Жинағанымыз — дән,
- Айналамыз толған ән.
Қаңбақ
- Онда қандай салмақ болсын!
- Ұшарыңды жел біліп,
- Қонарыңды сай біліп.
- «Уф» десе — ұшасың,
- «Суф» десе — қонасың.
- Көктемде шығып,
- Күз болса — бұғып.
III. Сөзжұмбақ шешу
Оқушыларға берілетін сөздер:
IV. Мақсат қою кезеңі
«Ғылым таппай мақтанба» тақырыбы бойынша меңгерілетін бағыттар:
- 1Автор туралы дерек білу.
- 2Өлең мазмұнын түсіну.
- 3Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
- 4Мағынаны терең ұғыну.
V. Мағынаны тану
1) Топтық тапсырмалар
- Абай Құнанбаев туралы мәліметті сызба түрінде көрсету, қорғау, толықтыру.
- Өлеңді тізбектей отырып мәнерлеп оқу.
- Өлең мазмұнына талдау жасау (әр топ жобасын қорғайды).
2) Топтық жұмыс: «Бес асыл іс»
- Талап
- Еңбек
- Терең ой
- Қанағат
- Рақым
2) Топтық жұмыс: «Бес дұшпан»
- Өсек
- Өтірік
- Мақтаншақтық
- Еріншектік
- Бекер мал шашпақ
3) «Сөз сиқырын ұғайық!»
3-топ
Жақсы қасиеттердің мағынасын түсіндіру.
4-топ
Жаман қасиеттердің мағынасын түсіндіру.
4) «Мақалды жалғастыр» ойыны
Жақсыдан үйрен — жаманнан жирен.
Талап — тұлпар, білім — сұңқар.
Талант қартаймайды, білім ортаймайды.
Әріптен — білім, әліппеден — ғылым.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Өнерлі өрге жүзеді.
VI. Ой толғаныс
А) Салыстыру
Адам бойындағы қасиет — мінез-құлық пен іс-әрекет көрінісі.
- Білімді
- Ақылды
- Талапты
- Еңбекқор
- Қайырымды
- Білімсіз
- Еріншек
- Қайырымсыз
- Жалқау
- Өсекші
Ә) Дыбыстық талдау
Жұппен жұмыс: төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жасау.
VII. Біз не үйрендік?
- Абай — ұлы ақын, ойшыл.
- Семей өңірінде туған (1845–1904).
- «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің негізгі идеясы — ғылым-білімге ұмтылу, адамдықты сақтау.
VIII. Бағалау
Абай туралы дерек білу
Өлеңді мәнерлеп оқу
Жоба қорғау
Бекіту тапсырмаларын орындау
IX. Үй тапсырмасы
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттап келу.