Өзіндік есімдік қайсысы
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
6
Сабақтың тақырыбы
Есімдіктен өткенді қайталау
Сабақ түрі
Қайталау
Сабақ типі
Білімді бекіту
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, талдау, жаттығу, тест
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, музыка
Көрнекіліктер
- Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер
- Тірек сигналдары
- Графопроектор
- Диктофон
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушылардың есімдіктен алған білімдерін саралау, тексеру, тиянақтау және пысықтау; теориялық білімді практикамен ұштастырып, қорытындылау.
2) Дамытушылық
Әртүрлі жаттығулар арқылы ойлау қабілетін дамыту; өз бетінше іздену, табу, қиялдау, ой қорыту және өз ойын дәлелдей білу дағдыларын жетілдіру; сауатты жазуға дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдауға, адамгершілік асыл қасиеттерге және елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Негізгі ой
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — бүгінгі сабақтағы барлық жұмыс бірлескен әрекет арқылы нәтижелі болатынын меңзейді.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Кезекшінің мәліметі.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жаттығу жұмыстарын қарап шығу, орындалуын талдау және қысқаша кері байланыс беру.
III. Мақсат қою кезеңі
Оқушыларға бүгінгі сабақтың бағытын нақтылау: есімдікті қайталау, білімді бекіту және практикалық тапсырмалар арқылы қолдану.
IV. Қайталау және бекіту
1) Сұрақ-жауап
Өткен сабақтар бойынша білімді сұрақ-жауап арқылы тексеру:
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
- Қандай сөз таптарымен таныстық?
- Есімдік дегеніміз не?
- Есімдіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Есімдіктің қандай мағыналық түрлерін білесің?
- Есімдіктердің емлесі туралы айт.
2) Деңгейлік тапсырмалар
Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмалар жүйелі түрде орындалады.
I деңгей — талдау
Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса; асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса; есімдіктің құрамын және мағынасын талда.
- Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. (Абай)
- Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті.
- Әр оқушы өз міндетін жақсы атқарып жүр.
II деңгей — оқулықпен жұмыс
- 211-жаттығу — ауызша.
- 212-жаттығу — жазбаша, есімдіктерді мағынасына қарай ажырату.
- 213-жаттығу — есімдіктің мағынасын анықтау, түбірін табу.
III деңгей — «Кім көп біледі?»
Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең шумақтарынан үзінді айту арқылы жарысу; мәтіннен есімдіктерді табу.
IV деңгей — түрлендіру
Есімдіктердің түрленуіне мысалдар келтіру.
V деңгей — сөздік диктант
Диктант кезінде тек есімдіктердің астын сызу; қателерді графопроектор арқылы тексеру; өзін-өзі бағалау жүргізу.
Диктант сөздері
VI деңгей — тыңдалым
Диктофоннан мәтін тыңдап, есімдіктерді теріп жазу:
Ауыл жанында өзен бар. Оны қашан көрсең де мөлдіреп жатады. Түбінде малта тастары бар, лай болмайды. Ауыл балалары сол өзеннің басында. Оның жағасында тұрған ауыл балалары суға жүзгіш келеді. Олар өзеннен балық та аулайды. Өзенде қанша уақыт болса да, қызығына бір тоймайды.
V. Қорытындылау
Білімді бекіту мақсатында 10 сұрақтан тұратын тест орындалады.
-
1) Сілтеу есімдігі қайсысы?
а) сол в) мен с) кім д) ешкім
-
2) Өзіндік есімдік қайсысы?
а) үзеңгі в) өзіміз с) жақсылар д) артынан
-
3) Өзіндік есімдігі бар тіркес қайсысы?
а) менің елім в) өз елім с) ел мен жер д) ел іші
-
4) Сұрау есімдігін көрсет.
а) ақыл в) үміт с) қайда д) оқыт
-
5) Сілтеу есімдігін көрсет.
а) сонау в) кейбіреу с) ешкім д) мен
-
6) Болымсыздық есімдікті тап.
а) Ешқайсысы в) Әсемпаз с) Әлдеқайда д) Кім
-
7) Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын есімдікті көрсет.
а) белгісіздік в) жалпылау с) жіктеу д) сілтеу
-
8) Жіктеу есімдігін тап.
а) кімдер в) әрбір с) біз д) өзіміз
-
9) Жалпылау есімдігін тап.
а) өзім в) бүкіл с) нешінші д) ешбір
-
10) Белгісіздік есімдігі бар тіркесті көрсет.
а) кейбір жігіт в) ешбір дыбыс с) бүкіл әлем д) қанша адам
VI. Үй тапсырмасы
- «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңі бойынша қара сөзбен шағын шығарма жазу.
- Есімдіктен өткенді қайталау.
VII. Бағалау және рефлексия
Берілген тапсырмалар оқушылардың еркін сөйлеуіне, есімдіктерді жылдам табуына және мағыналық түрлерін ажыратуына ықпал етті. Сабақ барысында бүкіл сынып бірлесе еңбек етті: бір оқушы түсінбеген тұсты екіншісі толықтырып, ортақ нәтижеге қол жеткізді.
Қысқаша қорытынды
- Есімдіктердің түрлері мен емлесі қайталанды.
- Талдау, жаттығу, диктант және тыңдалым арқылы білім бекітілді.
- Тест тапсырмасы арқылы қорытынды бағалау жүргізілді.