Құрметті сайт ұстаздары

Құрметті ұстаздар қауымы!

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Білімділер» порталы оқушылар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты шығарма сайысын ұйымдастырады.

Оқушыларға ақпаратты жеткізуге қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. Оқушылардың жұмыстарын сайтқа ұстаздардың өздері енгізе алады. Жұмыстар «Бәйге» бөлімінде жарияланады.

Ереже және талаптар

  • Жұмыс Word форматында, қатесіз терілуі қажет.
  • Қаріп өлшемі — 14.
  • Көлемі: жарты беттен артық, шамамен бір бетке жуық.
  • Бұрын басқа сайттарда жарияланбаған, еш жерден көшірілмеген авторлық жұмыс болуы тиіс.
  • Жұмыстарды сайт қызметкерлері өздері бағалайды.

Қатысушылар

Шығарма сайысына қатысу жас ерекшелігі бойынша төмендегі топтарға бөлінеді:

9–10 жас

Бастауыш және орта буын оқушылары үшін.

11–13 жас

Орта буын оқушылары үшін.

14–16 жас

Жоғары сынып оқушылары үшін.

Маңызды ақпарат

Қабылдау мерзімі

Жұмыстар бүгіннен бастап 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қатысу құны

Сайысқа қатысу — тегін (ақысыз).

Марапаттау

Үздік жұмыстар дипломмен марапатталады, ал қалған қатысушыларға қатысушы сертификаты беріледі.