Теңдіктер құруды пысықтау

Бастауыш математика 7 саны Қосу • Азайту • Логика

Сабақтың міндеттері

1) Тәжірибелік дағды

Оқушыларды 7 санының құрамын ажыратуға үйрету және әртүрлі текшелермен жұмыс істеуге дағдыландыру.

2) Білімді бекіту және дамыту

  • Алған білімдерін саралау.
  • Санды санға қосуды және саннан санды азайтуды меңгерту.
  • Белгісіз санды табуға төселдіру.
  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Оқушыларды еңбекқорлыққа, достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды сабаққа дайындау.
  • Құрал-жабдықтарын түгендеу.
  • Сергіту сәтін ұйымдастыру.
  • Партада дұрыс отыруына назар аудару.

II. Өткен сабақты еске түсіру

Сұрақ

Біз қай санмен таныстық?

Сұрақ

5 санының көршілерін атаңдар.

Сұрақ

5 санынан кейін тікелей қай сан келеді?

III. Жаңа сабақ

Мақсаты: 7 санының құрамын таныстыру, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру.

Тура санау

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1

Қосу арқылы 7 санына келу

6 балапанға 1 балапанды қос.

6 + 1 = 7

1 + 6 = 7

5 сәбізге 2 сәбізді қос.

5 + 2 = 7

2 + 5 = 7

4 қоянға 3 қоянды қос.

4 + 3 = 7

3 + 4 = 7

Талқылау

Тапсырмаларды орындау барысында біз қандай санды жиі естідік?

Аптаның 7 күні

  • Дүйсенбі
  • Сейсенбі
  • Сәрсенбі
  • Бейсенбі
  • Жұма
  • Сенбі
  • Жексенбі

Ойын: «Балапанды құтқару»

Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта.
Тұрушы еді қасымда,
Қайда кеткен жан-жаққа?

Берілген сандар:

5, 4, 2, 6, 1, 3, 7

IV. Кітаппен жұмыс

Мақсаты: тапсырмаларды орындау арқылы өз бетімен өрнек құруға және теңдіктерді құрастыруға үйрету.

1-тапсырма: Теңдіктер құру

Өрнек компоненттерін ауызша атау.

6 ара және 1 көбелек. Барлығы қанша жәндік?

6 + 1 = 7

5 ара және 2 көбелек. Барлығы қанша жәндік?

5 + 2 = 7

4 ара және 3 көбелек. Барлығы қанша жәндік?

4 + 3 = 7

2-тапсырма: Кесінділерді өлшеу және салыстыру

Қызыл кесінді

7 см

Көк кесінді

6 см

Қорытынды:

7 см > 6 см

3-тапсырма: Қалып қойған сандарды ата

Мақсаты: сандар қатарынан жетіспейтін сандарды тапқызып, ойландыру.

Тура қатар

1, 2, 3, 4, 5, 6, …

Кері қатар

6, 5, 4, 3, 2, 1

Тура қатар (7-ге дейін)

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

Кері қатар (7-ден бастап)

7, 6, 5, 4, 3, 2, 1

5-тапсырма: Өлшеу, теңдік құру

Өрнекті толықтыр:

5 см + 2 см = ? см

Өрнекті толықтыр:

7 см − 2 см = ? см

Өз теңдігіңді құрастыр:

? см + ? см = ? см

Өз теңдігіңді құрастыр:

? см − ? см = ? см

V. Өздік жұмыс

Мақсаты: оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

4-тапсырма: Салыстыр (таңбаны қой)

Төмендегі жұптардың арасына <, > немесе = белгісін қой.

0 ? 7

7 ? 7

7 см ? 5 см

7 см ? 7 см

3 ? 7

7 ? 6

2 см ? 7 см

7 см ? 4 см

5-тапсырма: Сандардың құрамын тап

Мақсаты: сандардың құрамын пысықтау.

4 санының құрамы

5 санының құрамы

6 санының құрамы

7 санының құрамы

VI. Сабақты қорытындылау

Бүгін біз қай санның құрамымен таныстық?

7 саны Мадақтау

Қысқаша нәтиже

  • Оқушылар 7 санының құрамын қосу мен азайту арқылы анықтай алады.
  • Тура және кері санау дағдылары бекітіледі.
  • Өлшеу, салыстыру және теңдік құру тапсырмалары арқылы логикалық ойлау дамиды.