Қандай сабақтас құрмалас сөйлем
Сынып: 9
Тақырып: Шоқан Уәлиханов және француз тілі (презентациямен)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды Шоқан Уәлихановтың шығармашылығымен таныстыра отырып, білімін кеңейту және қосымша мәліметтерді өз бетімен іздеуге ынталандыру.
Дамытушылық
Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын және пікірін жүйелі айтуға қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Ғалым еңбегін бағалауға және құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу; білімге, өнерге, ізденімпаздыққа және шығармашылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- әңгімелеу, түсіндіру
- ойландыру, баяндау
- іздендіру, сұрақ–жауап
Көрнекіліктер
- интерактивті тақта
- бейнематериал
- оқулықтар, кескін карта
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, дайындықты тексеру, сабаққа бейімдеу.
2) Үй жұмысын тексеру
Оқушылар семантикалық карта толтырады.
Шоқан Уәлиханов — қазақ халқының XIX ғасырдың екінші жартысындағы ең талантты ғалымдарының бірі. Ол — ғалым, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы, этнограф, тарихшы. (Слайд көрсетіледі)
3) Жаңа сабақ
Кіріспе сөз: Бүгін Шоқан Уәлихановтың қандай шетел тілдерін меңгергенін анықтаймыз. Ол араб, неміс және парсы тілдерін жақсы білген, бұл оның саяхатшылық және зерттеу жұмыстарына үлкен көмек болған.
Енді топпен жұмыс жасап, мәтінді оқып, аударамыз. Мәтінді оқымас бұрын сөздікпен жұмыс жасаймыз.
Сөздік жұмысы
- Шоқантану
- Шокановедение
- Пікір
- мнение, соображение
- Меңгеру
- усвоить, научить
- Деректер
- информация, сведения
- Ықпал
- влияние
- Дәлел
- аргумент, доказательство
Мәтінмен жұмыс
Бірінші топ
Шоқантану ғылымында Шоқанның тіл біліміне қатысты зерттеулер мен пікірлер көп. Қазақ және орыс тілдерінен бөлек, бірнеше еуропа тілдерін меңгергені туралы деректер кездеседі. Белгілі фольклоршы, публицист Г. Н. Потанин Шоқан туралы естелігінде оның француз тілін жақсы меңгергенін және француз тіліндегі еңбектерді еркін оқып, түсінгенін жазады.
Екінші топ
Орыс ғалымы П. П. Семенов-Тянь-Шанский Шоқан туралы былай дейді:
«Петербургте жүргенде менің ықпалыммен университетте лекция тыңдап, француз және басқа да шет тілдерін соншалықты меңгеріп алды; соның нәтижесінде Шығыс тарихының, әсіресе қазақ халықтарының тарихының терең білгірі екені дәлелденді».
Тапсырмалар
- Оқушылар мәтінді мазмұндайды.
- Диалог құрастырады.
Диалогқа үлгі сұрақтар
- Шоқанның достарын білесің бе?
- Оның Орыс географиялық қоғамының мүшесі болғанын білесің бе?
- Қай жылы мүшелікке сайланды?
- Жауап: Шоқан Уәлиханов 1857 жылы Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды.
- Ол қандай жерлерді аралады?
- Ол қандай тілдерді білген?
- Оның әжесінің аты кім?
Осыдан байқайтынымыз: Шоқан бірнеше шетел тілін меңгерген. Қазақ тілі — мемлекеттік тіліміз, алайда тек орыс тілін ғана емес, қазақ және ағылшын тілдерін қатар меңгеру де маңызды. Бұл бағытта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тұғырлы үш тіл» идеясын ұсынған. (Слайд көрсетіледі)
Тілдік талдау
Сөз құрамына талдау
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сөз құрамына талдау:
- Шоқантану ғылымында
- орыс тілінен
- еркін түсініп
- жазылған еңбектері
Сабақтас құрмалас сөйлем
Мұғалім сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін сұрайды, түрлерін ажыратады және оқушыларға талдау жасатады.
Синтаксистік талдау (1-топ)
«Шоқантану ғылымында Шоқанның тіл біліміне байланысты зерттеулер, пікірлер көп болғандықтан, Еуропа тілдерін меңгергендігі туралы деректер бар».
Түрі: себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Басыңқы және бағыныңқы сөйлемдерді ажыратып көрсету.
Синтаксистік талдау (2-топ)
«Қазақ, орыс, француз тілдерін үйрену үшін, Шоқан көп еңбек жасаған».
Түрі: мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Фонетикалық талдау (1-топ)
Сөз: «Шоқан»
Фонетикалық талдау (2-топ)
Сөз: «еңбек»
Мақал-мәтелдер арқылы бекіту
Шоқан қазақ ауыз әдебиетін, тарихын, әдет-ғұрпын зерттеген. Ауыз әдебиетінің кең тараған түрінің бірі — мақал-мәтелдер. Енді білім мен өнер туралы мақалдарды құрастырып, мағынасын талқылаймыз.
Ғылым — теңіз, оқу — кеме.
Оқу — білім азығы, білім — ырыс қазығы.
Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Кітап — ғылым, тілсіз мұғалім.
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
Қорытынды
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі — егемен еліміздің жастары үшін үлгі-өнеге. Оның білімге құштарлығы, көп тіл білуі және ғылымға адалдығы бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар береді.
Шоқанға арналған өлең
Қазақтың бір ғалымы бар — Шоқан деген,
Туыпты Қостанайдың Құсмұрын бекетінде.
Арғы атасы аңызға айналған — Абылай екен,
Жастайынан зерек болып, білімге құмар екен.
Өз ұрпағын асқақтатып, сеніммен алға жетелеп,
Білім жолын табандылықпен қуған екен.
Қазағының табиғатына қызығып,
Зерттеуші әрі саяхатшы болған екен.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың мәтінді мазмұндауы, талдау жұмыстары және диалог құрастыру белсенділігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
- Қаныш Сәтбаев туралы мәліметтер іздеу.
- Мәтінді мазмұндап келу.