Мақал сөз атасы

Мақсаты мен көрнекілігі

Мақсаты

Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге; туған ел тарихын білуге; Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеп, қастерлеуге; өз тегін және ел тарихын тануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Елбасының суреті, Қазақстанның картасы
  • Қазақстан туралы суреттер, буклеттер, слайдтар
  • Туған жер және Отан туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар
  • Интерактивті тақта
  • Алдын ала дайындалған әріп-плакаттар (сайыс бөліміне)

Кіріспе: жүргізушілер сөзі

І жүргізуші

Қайырлы күн, досым, қайырлы күн болсын.
Сенбінің сәті сәттілікке толсын.

ІІ жүргізуші

Ал, келіңдер, келіңдер, бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп, бәйгеге қатысып көріңдер.

Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер табыспай, тәлім-тәрбие алар ма?

Құттықтау және ой түйін

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл толды. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт — тәуелсіздік — ХХ ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды.

Еліміздің өсіп-өркендеуі — ортақ жетістігіміз. Бүгін сіздерді «Тәуелсіздік тұтқасы — бізге аманат» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер дейміз!

Қатысушы топтарды шақыру

ІІ жүргізуші:
Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,
Келді міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен елдігім,
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!

Ортаға бүгінгі сайысымызға қатысушы «Жалын» және «Дарын» тобын шақырамыз!

Сайыс құрылымы және кезеңдер

Бүгінгі сайыс 7 кезеңнен тұрады:

  1. 1Таныстыру
  2. 2Блиц-турнир: «Кім жылдам?»
  3. 3«Мақал — сөздің атасы»
  4. 4«Сандар сөйлейді»
  5. 5«Шатасқан әріптер»
  6. 6«Ойлы болсаң, озып көр» (топ басшылар сайысы)
  7. 7«Жүйрік болсаң, шауып көр»

Әділқазылар алқасы

Сайысты сарапқа салатын әділқазылар алқасын таныстыру (аты-жөні кейін толықтырылады).

І кезең: Таныстыру

1-топ: «Жалын»

Ұраны

Топ

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Сәлемдесуі

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз, біз — көктембіз.
Мақсатымыз — биіктерден көріну,
Сол үшін де маңдай терді төккенбіз.

Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Жиналған ылғи мықтылар —
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
«Жалын» тобын, халайық,
Қол соғып қарсы алайық!

2-топ: «Дарын»

Ұраны

Топ

Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп.

Сәлемдесуі

Жарыс десе, алғырлықты ұштаймыз,
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.

Осындай тапқыр достар кез келгенде,
Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не?!
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де.

ІІ кезең: Блиц-турнир — «Кім жылдам?»

1-топ сұрақтары

  1. ҚР тұңғыш президенті?

    Н.Ә. Назарбаев

  2. Дүйсенбіден кейін қай күн?

    Сейсенбі

  3. 1 жылда қанша күн бар?

    365 күн

  4. Біз білім алатын орда?

    Мектеп

  5. Қазақстан неше елмен шектеседі?

    5 ел

  6. Қазақтың бас ақыны?

    Абай

  7. Қазақстан Конституциясы қашан қабылданды?

    1995 жыл, 30 тамыз

  8. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?

    1992 жыл, 4 маусым

2-топ сұрақтары

  1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері?

    Т. Әубәкіров

  2. Жұманың алдында қай күн?

    Бейсенбі

  3. «Жеті жарғыны» жазған кім?

    Тәуке хан

  4. Ақмола қаласының атауы Астана болып қашан жарияланды?

    1998 жыл, 6 мамыр

  5. Мемлекеттік рәміздерді ата.

    Ту, Елтаңба, Әнұран

  6. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы?

    Ы. Алтынсарин

  7. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

    42 әріп

  8. Қазақстанда қанша облыс бар?

    14 облыс

ІІІ кезең: «Мақал — сөздің атасы»

Мақал-мәтелдер арқылы ой ұшқырлығын сынайтын кезең.

Сұрақ

Қар жана ма?

Жауап

Қалауына тапса, қар жанады.

Сұрақ

Аппақ қарға бола ма?

Жауап

Қарға баласын «аппағым» дейді.

Сұрақ

Адамның қай мүшесі қорқақ, қайсысы батыл?

Жауап

Көз қорқақ, қол батыр.

Сұрақ

Инемен не қазамыз?

Жауап

Оқу — инемен құдық қазғандай.

IV кезең: «Сандар сөйлейді»

Интерактивті тақтадағы сандарды таңдау арқылы астындағы жасырылған суреттер ашылады. Топтар сол суреттерге қарап жауап береді.

V кезең: «Шатасқан әріптер»

Жауап

Тәуелсіздік — желтоқсанның жемісі.

VI кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»

Бұл кезеңде топ басшылары логикалық және танымдық сұрақтарға жауап береді.

Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды?

Түркияның астанасы Анкарада.

Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрса, 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме?

Жоқ, 72 сағаттан кейін де түн мезгілі болады.

Қазақстан картасы тәрізді парк қалай аталады?

«Атамекен».

Қазақстанда неше астана болды? Аттарын ата.

4: Орынбор, Қызылорда, Ақмола, Астана.

VII кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Әріптер киген оқушылар сөзді дұрыс табу арқылы орындарына тұрады. «Елім менің» сайысындағы ойын.

1-топ сұрақтары

  1. Өзен аңғарындағы үнемі су ағып жататын ойыс?

    Арна

  2. Тропиктік дақыл?

    Анар

  3. «Жапанда жалғыз ағаш ... болмас»

    Пана

  4. Қасқырдың іні?

    Апан

  5. Айналасы сумен қоршалған, құрлықтың кішігірім бөлігі?

    Арал

  6. Жер шарының үстіңгі жағынан кішірейтіліп түсірілген сызба?

    План

2-топ сұрақтары

  1. Құрлықтағы барлық жағынан су қоршалған бөлік?

    Арал

  2. Ресей халқы?

    Орыс

  3. Түс атауы?

    Сары

  4. Мұғалжар қай таудың жалғасы?

    Орал

  5. Сырдарияға құятын өзен?

    Арыс

  6. Сай, жыра сияқты жер бедерінің төмен бөлігі?

    Ойыс

Қорытынды сөз

І жүргізуші

Жеңіс пен жеңілістен тұратын өмір — күрес: жеткізе ме мұратын?
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме —
Қатысудың өзі де бір жеңіс екенін ұмытпа.

ІІ жүргізуші

Ендеше бүгінгі сайыстың әділ қорытындысын шығаратын әділқазылар алқасына сөз берейік.

Тәуелсіздік туралы түйін

Өсер елдің әр сәтінде бірлік — басты қалау.
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Желтоқсаным — тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерде сақтау керек үнемі.

Осы өлең жолдарымен Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұтқасы — бізге аманат» танымдық сайысымыз аяқталды.

Отанымыз аман, еліміз бейбіт болсын! Күн сәулесі әрқашан бақыт нұрын шашсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!