Вектор ұғымы және оның қасиеттері, вектордың анықтамасы мен қасиеттерін қолданып есептер шығару

Қысқа мерзімді жоспар

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы, Бейнеу мектеп-интернаты. Математика пәні мұғалімі: Оразалиев Қанат. 10-сыныпқа арналған.

Сабақтың тақырыбы

Координаталары берілген векторларға амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты

Вектор ұғымын және оның қасиеттерін меңгеру; вектордың анықтамасы мен қасиеттерін қолданып есептер шығару.

Сабақтың міндеті

Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы математикалық тілде сөйлеу тосқауылын жою.

Топқа бөлу

Оқушылар кеспе қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.

Топтық жұмыс барысында әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін рөлдер (спикер, хатшы, уақыт сақшысы) алдын ала белгіленеді.

Тапсырмалар

1-тапсырма

1-модуль

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту арқылы тақырыпты талқылау.

2-тапсырма

2-модуль

Сын тұрғысынан ойлау: «Ой қозғау» әдісі арқылы бастапқы білімді белсендіру және жетекші сұрақтармен қорытынды жасау.

АКТ қолдану

4-модуль

АКТ құралдарын пайдаланып, векторларға амалдарды көрнекі түрде көрсету және тапсырмаларды орындауды қолдау.

Негізгі екпін

Түсіну

Вектордың анықтамасы мен қасиеттерін нақтылау.

Қолдану

Координаталары берілген векторларға амалдарды орындау.

Сөйлеу дағдысы

Жұптық және топтық талқылау арқылы математикалық тілде еркін сөйлеу.