Үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға еңбек ұжымы туралы түсінік беру, ұжымдағы адамдардың қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын талдау, қарым-қатынас мәдениеті, этикет, сыпайылық және әдептілік ұстанымдарының мәнін ашу.

Нәтиже

Оқушылар ұжымдағы қарым-қатынас түрлерін ажыратып, нақты жағдаяттарда дұрыс коммуникация құра алады.

Құндылықтар

Демократиялық қарым-қатынас, өзара сыйластық, әдеп және жауапкершілік.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабаққа даярлау, жұмыс тәртібін нақтылау

2) Үй тапсырмасын тексеру

§6 «Адамдардың өзара қатынас әлемі» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап арқылы қайталау:

  1. 1 Адамдар арасында өмір сүру дегеніміз не?
  2. 2 Қарым-қатынас деп нені айтамыз?
  3. 3 Қарым-қатынас ұғымына нелер жатады?
  4. 4 Қарым-қатынастың жақтарын атаңыз.
  5. 5 Communication (лат.: «біріктіремін, байланыстырамын») — қарым-қатынастың қай жағына қатысты?
  6. 6 «Интерактивті» ұғымы ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
  7. 7 Қарым-қатынастың перцептивтік жағын түсіндіріңіз.
  8. 8 Қарым-қатынас түрлерін атаңыз.
  9. 9 Адамдардың өмірлік қызмет аясы қандай?
  10. 10 Қарым-қатынастың формаларын атаңыз.

3) Жаңа сабақ

Жоспар:

  • Еңбек ұжымы, қарым-қатынас мәдениеті және этикет
  • Ұжымдық қарым-қатынас үдерісіндегі демократиялық қағидат
  • Ұжымдағы ынтымақтастықтың өндіріс үдерісіне әсері
  • Қарым-қатынастағы сыпайылық және әдептілік ұстанымдары

4) Видео және слайдтар

«Ұжымдағы адам» тақырыбы бойынша материалдар көрсетіледі. Талқылау барысында мына бағыттарға назар аударылады:

Негізгі тезистер

  • Қарым-қатынастың екі жағдайы
  • Демократиялық өзара әрекет
  • Ұжымдағы қызметтің алға басуына әсері

Түрлері

Тіл белгілеріне қарай қарым-қатынас түрлері: вербалды және вербалды емес коммуникация.

Сабақты бекіту: топтық тапсырмалар

Оқушылар 4 топқа бөлініп, үлестірмелі тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетін тәжірибе арқылы түсінуге бағытталған.

1-топ

  1. Бос орындарды толтырыңыз:

    ________ — бұл адамдардың өзара ________ формасы, өзара ________ және эмоциялық қатынас актісі.

  2. Ұжымдағы басшыңызбен қарым-қатынас орнатып, оның қай түрге жататынын анықтаңыз.
  3. Тест: «Сөйлеу мәдениеті» дегеніміз —
    • а)әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеру
    • ә)мақсат пен істің мазмұнын іріктей алу
    • б)ойды тиянақты жеткізу
    • в)барлығы дұрыс

2-топ

  1. Ұжымдық қызметтің алға басуы үшін қажетті шарттарды атаңыз.
  2. Ұжымыңызбен вербалды емес қарым-қатынас орнатып, мысал келтіріңіз.
  3. Қарым-қатынас түрлерін атаңыз.

3-топ

  1. Қарым-қатынастағы демократиялық қағидатты түсіндіріңіз.
  2. Бос орындарды толтырыңыз:

    Адамдардың белгілі бір ________ қолданып қарым-қатынасқа түсуі ________ қарым-қатынас деп аталады.

  3. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста біреудің екіншісіне үстемдік жүргізуі құптарлық әрекет пе? Неге?

4-топ

  1. Еріктік қатынас тұрғысынан тең пікірлесушілер арасындағы қарым-қатынасты көрсетіңіз.
  2. Төте және жанама қарым-қатынас айырмашылығын атап көрсетіңіз.
  3. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс жағдайында қарым-қатынас қалай жүзеге асады?

Үй тапсырмасы

«Ұжымдағы адам» тақырыбы бойынша материалды оқып, қысқаша конспект дайындау.